Денсаулық

Қазақстан аумағынан үнді штаммы табылды ма

  • Қазақстан аумағынан үнді штаммы табылды ма

    Қазақстан аумағынан үнді штаммы табылды ма

Жуырда ғана Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушыларды екі апта үй карантинінде отыруға міндеттейтін қаулы күшіне енді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел аумағындағы коронавирус штаммдарын генетикалық зерттеу нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол жаңа мутацияларды анықтау мақсатында ел аумағында тараған коронавирус инфекциясының штаммына тұрақты түрде генетикалық зерттеу жүргізілетінін атап өтті.

"Сәуір айында анықталған сынамаларды зерттеу қорытындысы бойынша, сынамалардың 30%-інен "британдық" штамм табылды. Республика аумағында үнді штаммы анықталған жоқ", – деді Цой үкімет отырысында.

Үндістанда коронавирустың жаңа штаммы елдегі эпидемиологиялық жағдайды қиындатып жіберді. Мутацияға ұшыраған вирус адамдарға тез жұғатынымен және антиденелерге төтеп беруімен ерекшеленеді.

Қазақстан үнді штаммы енуіне жол бермес үшін тиісті шараларды қолға алды. Оған сәйкес, Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушылар екі апта үй карантинінде отыруға міндеттелді. Бұл ереже Үндістаннан үшінші елдер арқылы келетін азаматтарға да қатысты.

sputnik.kz




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31