Денсаулық

Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Аралас жекпе-жек шеберіне ем жасату үшін қыруар қаржы керек – қажетті сома бірнеше сағат ішінде жиналды.


Миастенияға шалдыққан аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Мақсат Өміртаевтың еміне қажетті сома небәрі бірнеше сағат ішінде жиналды.


Миастения кезінде адамның бойын әлсіздік билеп, баспалдақпен көтерілу қиындайды, адам қолын жоғары көтеріп, тұра алмайды.


Бұл ауру 20-40 жас аралығында байқала бастайды.


Дәрігерлер қазір аутоимунды жүйке-бұлшықет ауруына шалдығатындар саны көбейіп бара жатқанын атап өтті.


Миастения туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін.


Жас спортшы сирек кездесетін аурумен ұзақ уақыт бойы өзі күрескен, алайда жақында денсаулығы нашарлап, аралас жекпе-жек федерациясынан көмек сұрауына тура келді. Чемпионға қымбат ем қажет – құны 900 мың теңгеге жуық (Ұлттық банктің бағамы бойынша 2 420 доллар).


Федерация президенті Асылбек Дүйсенов мәлімдегендей, емнің алғашқы кезеңіне қажеті сома санаулы сағаттың ішінде жиналған.


"Алда әлі талай ем қабылдауы керек, сондықтан әзірге қанша ақша қажет болатынын білмейміз. Қол ұшын созып, қолдау білдірген барша жандарға ризашылығымызды айтамыз! Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын! Мақсаттың анасы да сіздерге алғысын айтып жатыр", - деп жазды федерацияның ресми парақшасында.


ktk.kz


 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сенбі, 03.11.2018, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30