Денсаулық

Қазақстан дәрігерлері COVID-19 емдеудің тиімді әдісін тапты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

 Семейлік дәрігерлер COVID-19 індетін емдеудің тың тәсілдерін қолданып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қаладағы білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың бірігіп атқарған ұжымдық еңбегі хал үстінде жатқан бір науқастың бетін бері қаратуға жәрдемдесті. Қалған науқастарға да кешенді ем-шаралар тағайындалып, қазір олар өздерін жақсы сезінуде. Өкпе жұмысын жақсартып, ағзаларды қалпына келтіруге сурфактант препараты мен виброакустикалық массаждар тиімділігін көрсеткен. Қазір бұл әдіс-тәсілдерге шетелдік дәрігерлер де қызығушылық танытып отыр.

 

Бұл – Семейдегі COVID-19 індетін емдеуге байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы. Тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейтін командаға 30-40 жылдық тәжірибелері бар білікті мамандар топтасқан. Міне, бүгін тағы бір науқастың жүзі жарқырап, көңіл-күйі көтеріңкі. Алайда, мұндай жетістік өздігінен келмейді. Мәселен, 28 наурыз күні алғаш рет қауіпті дертпен түскен азаматтың халі өте нашар болатын.

 

Саят Таңатаров, анестезиологтар тобының жетекшісі, штаб мүшесі:

 

- Вирустың ең бірінші зақымдайтыны сол, альвеола. Оны негізінде вирус тудырады, альвеола жабысқан кезде өкпенің бәрі жабысып қалады. Сондықтан ИВЛ-дың не көмегі бар, ол альвеоланы ашып, оттегін жеткізу. Бұл сурфактантты балаларға жаңа туған, тыныс жетіспеушілігі бар, өкпесі жарымаған балаларға қолданады сурфактантты. Бірақ үлкендерге қолданбаған. Соны мен ойладым, науқастың кім біледі беті бері қарай ма, қарамай ма, осыны қолданайық деп жігіттерге айтып, дәрігер әріптестер қолдап, көрейік дедік. Негізі жағдайы ауыр болды науқастың.

 

Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, бұл нұсқаулық дүниежүзілік және жеке тәжірибеге негізделіп жасалған. Оқу орны басшылығы жедел штаб жұмысын жандандыру үшін барлық жағдайларды қарастырған. Цифрлық технологиялар көмегі де көп тиіп жатыр.

 

Саят Таңатаров, анестезиологтар тобының жетекшісі, штаб мүшесі:

 

- Осының арқасында сатурациясы 90-96-ға дейін көтеріліп, біз әлгі науқасты аппараттан ерте шештік. Практика, білім, ғылым бәрі бірге қосылып, біз осы үлкен жұмыс, өйткені соның арқасында үлкен ауыр жағдайда жатқан науқасты дерлік о дүниеден алып шықтық. Ол кісі болжам бойынша мүлдем кетіп қала ма деп ойлағанбыз.

 

Жанар Оразалина, өңірдің бас пульмонологы, штаб мүшесі:

 

-Хал үстінде жатқан науқасқа кешенді ем қолданылды. Соның бірі – виброакустикалық массаж тәсілі. Бұл шараның адам денсаулығына еш зияны жоқ. Сондықтан қиналып жатқан аурудың бетін бері қаратуға септігін тигізді.

 

Қазір семейлік ғалымдар бұл тың тәсілдерді арнайы жинақ ретінде жарыққа шығарып, интернет парақшалары арқылы таратуға күш салып жатыр. «Ең басты мақсат – күш жұмылдырып, қиындықты бірге еңсеру», дейді олар.

 

Имдат Эфендиев, инфекционистер тобының жетекшісі, штаб мүшесі:

 

- Әзірге бұл індетке қарсы вакцина немесе дәрі шығарылған жоқ. Сондықтан ең бастысы, оқшаулану мен карантиндік шараларды сақтау керек. Абырой болғанда, бізде аурулар көп тіркелген жоқ. Егер ережеге бағынып, сақтық шараларын сақтайтын болсақ, аман-есен бұл қиындықты да еңсереміз деп ойлаймын.

 

24.kz

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 10:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31