Қазақстанда локдаун енгізіле ме?

19 қаңтар 2022, 14:57

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда локдаунды енгізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды qamshy.kz.

Оның айтуынша, алдағы уақытта шектеу шаралары өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қолданылмақ.

– Бүгінде ел ауқымында локдаунды енгізу жоспарланған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді, – деді Ажар Ғиният.

Министр елде «Омикрон» штамы тез таралып жатқанын және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір «қызыл» аймақта тұрғанын атап өтті.

– Соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайды. Өсу үрдісі жоқ. Соңғы айда стационарларда ем алатын пациенттер саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есеге артты, – деді ол.