Қазақстандық қызанақтар мен бұрыштардан қауіпті вирустар табылды
2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызмет Ресейге Қазақстан Республикасының Алматы және Ақтөбе облыстарынан қызанақ пен бұрыш жемістерін жеткізуге тыйым салды.
Себебі, Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресей аумағына кірген жаңа піскен қызанақтарда қызанақ жемістерінің қоңыр түсті мыжылған вирусы анықталды.
 
21 желтоқсанда Ресейдің ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне оның өнімдерінен қауіпті вирус анықталғандығы туралы хабарлама жіберді.
"28 желтоқсанда келіссөздер кезінде ресейлік департамент Қазақстан тарапынан тергеу нәтижелері мен ақпараттарды сұрады.  Қауіпті өнімдерді Ресейге жеткізбеу үшін қабылданған шаралар жайлы хабарлауды өтінді.Алайда осы уақытқа дейін қазақстандық тараптан ешқандай реакция болған жоқ", - деп түсіндірді ресейлік департамент.
Ресейдің ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі 2014 жылы 21 шілдедегі карантин мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі VII Халықаралық конвенция мен Федералдық заң негізінде Ресейде қызанақ жемістерінен қоңыр түсті вирустардың енуіне және таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстанның екі аймағынан қызанақ пен бұрыш жеткізуге шектеулер енгізіліп жатқанын атап өтті.