Денсаулық

Қазақстандықтар көбіне қай вакцинаны алғаннан кейін көз жұмған

  • Қазақстандықтар көбіне қай вакцинаны алғаннан кейін көз жұмған

    Қазақстандықтар көбіне қай вакцинаны алғаннан кейін көз жұмған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай вакцинадан кейін қанша адам қаза тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында вакцина алған азаматтардың арасында 930 өлім-жітім тіркелді. Ал вакцина алмағандардың арасында 13 165 адам көз жұмды. Өздеріңіз де айырмашылықтың 16 еседен жоғары екендігін көріп отырсыздар. Вакцинация алмағандардың арасында өлім-жітім өте көп", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның нақтылауынша, 47 адам "CoronaVac", 681 адам "Спутник V", 75 адам "Hayat-Vax", 2 адам "Vero Cell", 33 адам Vero Cell Sinopharm және 36 адам инактивтелген Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын алғаннан кейін көз жұмған. Ал QazVac-тан кейін 27 адам қайтыс болған.

Ал денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның 1 және 2-компонентін алғаннан кейін 40 734 адам вирусты қайта жұқтырып алғанын айтады.




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

сенбі, 13.11.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31