Денсаулық

Көкшетаулық ана үш айлық сәбиінің өліміне дәрігерді кінәлап отыр (видео)

  • © Photo: СС0 / Josef Pichler

    © Photo: СС0 / Josef Pichler

Ақмола облысында шетінеп кеткен үш айлық сәбидің анасы учаскелік педиатрды кінәлап отыр. Ол дәрігерді лицензиясынан айырмақ, деп хабарлайды sputnik тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасына үш айлық сәби қарашаның 15-нен 16-на қараған түні түскен. Үш күннен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Красный Яр ауылынан (Көкшетаудан 8 шақырымда орналасқан елді мекен) келе жатқанда балаға тиісті көмек көрсетілген. Преднизолон егіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кейін ауруханада эндотрахиалды түтікшенің көмегімен өкпедегі сүт шығарылды.

Дәрігерлер не дейді?

Болған оқиғаға қатысты облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсрәлімова төрағалық ететін арнайы комиссия құрылды. Облыстық денсаулық сақтау жетекшісінің орынбасары Татьяна Бишораева журналистерге сәбидің өліміне қатысты алдын ала болжаммен бөлісті. Аспирациялық синдром –тыныс жолдарына сұйықтықтың түсуі. Яғни анасының сүті сәбидің өкпесіне барған.

Сәбидің анасы дәрігерді кінәлап отыр

Кішкентай қыздың анасы Елена Сейтенова бәріне дәрігер кінәлі екенін айтады.

"29 қазан күні қызымның тамағы қырылдай бастады. Мен емханаға жүгіріп келдім. Ол бәрі дұрыс екенін айтты. Бұған дейін қызым тұмауратып еді. Дәрігер тәжірибелі мамандарды шақырып, олармен ақылдасуы керек еді деп санаймын. Қызымның неге құса беретінін сұрадым. Ол: бала көп тамақтанған болар, деп жауап берді",- дейді қыздың анасы.

Елена Сейтенованың айтуынша, дәрігер жөтелге қарсы жақпа май ғана жазып берген. Қызметтік тексеріс кезінде дәрігердің бәрін дұрыс жасағаны анықталды.

Дәрігерлер болса, сәбидің ата-анасының жауапсыздығын алға тартып отыр. Шетінеп кеткен нәресте тұрмысы төмен отбасындағы бесінші бала болған.

Қыздың әкесі үйде темекі шеккен. Анасы сәбиді сиыр сүті, ботқа сынды тағамдармен ерте тамақтандыра бастапты. 12 қараша күні балаға үш ай толғанда емханаға тексеруге әкелмеген. Дәрігер қарағаннан кейін де отбасы тұмауратқан баламен қонаққа барған.

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 15:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29