Денсаулық

Коронавирус қайта асқынды: Еуропа елдері шекараларын жауып жатыр

  • Коронавирус қайта асқынды: Еуропа елдері шекараларын жауып жатыр

    Коронавирус қайта асқынды: Еуропа елдері шекараларын жауып жатыр

Еуропалық Одақ коронавирустың өршіп, жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты шекараларын қайтадан жауып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Еуропа елдерінде коронавирустың өршуі науырыз айында болған. Араға біраз уақыт салып, жағдай қайтадан ушықты. Кейбір мемлекеттер шекараларын жауып, шетелдіктердің келіп-кетуіне шектеу қойды.

Венгрия сейсенбіден бастап барлық шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салды. Дания басқа штаттардан туристердің келуіне сәуірден бастап шектеу қоя бастады. Финляндия шекара бақылауын күшейтті. Шекараларын жауып жатқандардың қатарында Испания мен Франция да бар.

"Шекараларды жабу вируспен күресудің тиімді әдісі болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл азаматтардың еркін жүріп-тұруына үйреніп қалған одақ үшін үрей туғызады. Үкіметтер қайтадан өздерінің ұлттық мүдделері үшін әрекет етуде", - делінген хабарламада.

Чехияда коронавирустың үшінші күн қатарынан көбеюі рекордтық көрсеткіш болды. 3 қыркүйекте 680 жаңа инфекция анықталды, бұл наурыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Данияда өткен тәулікте коронавирустың 179 жаңа жағдайы тіркелді, бұл төрт айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Түркияда коронавирус ауруы санының рекордтық өсімі тіркелді. Өткен тәулікте елде COVID-19 бір жарым мыңнан астам адамнан табылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айынан бері болған емес.

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 4 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде коронавирусты жұқтырған 26 344 473 адам тіркелді, 869 569 адам қайтыс болды.




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31