Денсаулық

Коронавирус: Түркістан облысында қазақстандық вакцина салына бастайды

  • https://zanmedia.kz/

    https://zanmedia.kz/

Түркістан облысында 15 ақпаннан бастап Қазақстанда шығарылған «QazCovid-In» екпесі кезең-кезеңмен егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Вакцинация науқанының келесі кезеңінде отандық екпені қолдану жоспарланып отыр. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

 

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды. Өңірде коронавирус індетіне қарсы екпе салу жұмыстары 20 емханада жүргізіліп жатыр. Вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары жеткілікті.

 

Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

 

Коронавирус вакцинасын екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті. Оған себеп, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа

 

Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

 

«Sputnik V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға жасауға болмайды, оны Қазақстан Республикасының 60 жасқа дейінгі ересек азаматтары салдыра алады.

 

Қазақстанда вакцинация ерікті. Елімізде егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

 

Вакцина салдыратын кезде азаматтар толық дәрігерлік тексеруден өтеді және келесі үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.

 

 




Көрілген: 3021    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 23:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30