Денсаулық

Коронавирусқа қарсы вакцина Ресей ауруханаларына жеткізілді

  • Коронавирусқа қарсы вакцина Ресей ауруханаларына жеткізілді

    Коронавирусқа қарсы вакцина Ресей ауруханаларына жеткізілді

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаны сынақтан өткізудің үшінші кезеңі басталды

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина тіркеуден кейінгі зерттеулерге қолдану үшін медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Гамалея институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Денис Логунов мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасаған вакцинаны бұған дейін Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі тіркеген болатын.

"Ол (сынақтардың үшінші кезеңі) енді басталды, орталықтар ашылды, вакцина жеткізілді, жақын арада алғашқы еріктіге салынады", - деп хабарлады Логунов.

Айта кетейік,"Спутник V" вакцинасының I-II клиникалық зерттеулерінің нәтижесі туралы ғылыми мақала The Lancet медициналық журналында жарияланды. Онда вакцина клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 100 процентінде тұрақты, гуморалдық және жасушалық иммунитет қалыптастырғаны жазылған.

Бұған дейін Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының егде жастағы қызметкерлеріне COVID-19 індетіне қарсы вакцина егілгені хабарланған болатын. Олардың жағдайы жақсы, деп мәлімдеді ресейлік ғалымдар.

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИК) мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізуге келісті. Ал Қазақстанға жеткізілетін вакциналар партиясын РТИК-тің халықаралық серіктестерінің бірі шығарады.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын Қазақстанға жеткізу жоспарланғанын және болашақта жеткізілім көлемі бес миллионға дейін ұлғайтылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 01:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31