Денсаулық

Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер

  • Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер

    Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер

Танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровскийдің айтуынша, кейбір адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Украиналық педиатр Евгений Комаровский журналист Дмитрий Гордонға сұхбат беріп, кімдердің коронавируспен ауырмайтынын айтып берді. "Көптеген адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет бар сияқты. Олар ауырмайды", - деді Комаровский. Оның сөзінше, мұндай иммунитеттің механизмі әзірге түсініксіз. Бұл бақытты адамдардың қанында коронавирусқа қарсы антидене жоқ. Дегенмен, Коморовскийдің айтуынша, олар ауырмайды. Дәрігер COVID-19 инфекциясын әлі ұзақ әрі мұқият зертету керектігін айтты. Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің инфекцияның жаңа түрі &ndash абдоминалды COVID-19 туралы алаңдаушылығына пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, министр Алексей Цой жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, ғалымдардың бағамдауына сәйкес, коронавирус белгілері болмаса да ауырған азаматтарда вирусқа қарсы антидене бір ай болады. Ауруды орташа немесе ауыр деңгейде өткергендерде 3-5 ай аралығында антидене болады. 

Айта кеткен жөн, елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. 




Көрілген: 3148    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31