Денсаулық

Коронавирустың бедеулікке әкелетіні ғылыми дәлелденген – иммунолог

  • Коронавирустың бедеулікке әкелетіні ғылыми дәлелденген – иммунолог

    Коронавирустың бедеулікке әкелетіні ғылыми дәлелденген – иммунолог

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова коронавируске қарсы екпе төңірегінде тарап жатқан қауесеттерге жауап берді.
Қазір қоғамда коронавируске қарсы вакцина төңірегінде түрді қауесеттер шығып жатыр. Оның бірі бедеулікке байланысты. Маман екпе алғандар бедеулікке шалына ма деген сұраққа жауап берді.

Жалпы коронавирус инфекциясы жұққан соң одан бедеулік пайда болатыны, бедеулік қаупінің жоғары екені толығымен дәлелденген. Бұл вакцинадан емес, коронавирусты жұқпадан. Ал, вакцина адамның жыныс жүйесіне, бала сүйюдегі фиртильді қызметіне ешқандай әсері жоқ. Себебі вакцина қоздырғыштың моделі. Біз вакцина салу арқылы иммундық жүйемізді коронавируске қарсы ешқандай жұқпасыз, еш қауіпсіз түрде жұмыс істеуге үйретеміз. Ағза коронавируспен екінші рет кездескенде иммундық жүйе онымен белсенді түрде күресіп, жояды. Яғни, вакцина тек қана иммундық жүйемен жұмыс істейді, басқа әсері жоқ,-дейді Битанова.
Оның айтуынша, екпе емес, керісінше коронавиурс жұқпасы адамның жыныс безін зақымдайтын көрінеді.

Коронавирус жұққан кезде адамның дәм, иіс сезу сезімдері жоғалады. Ауыз қуысында дәм сезімдеріне жауап беретін өз жасушалары, бездері бар. Вирус жұққанда олар зардап шегеді. Яғни коронавирустың бездерге әсері бар. Қазір біздің университеттің мамандары бұны зерттеп жатыр. Вирус жұқтырған адам жөтеліп, қақырғанда қақырық болмайды, яғни шырышты бөлетін бездер зақымдалады. Қазір көптеген ғылыми дәлелді мақалаларда коронавирустың жыныстық бездерге де әсері бар екені көрсетілген. Сондықтан бедеуліктен қорғанғысы келген адамдар керісінше вакцинан қабылдауы керек,-деді маман.

BAQ.KZ




Көрілген: 1895    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 12:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31