Денсаулық

«Коронавирустың төртінші толқыны келеді» - Бекшин

  • «Коронавирустың төртінші толқыны келеді» - Бекшин

    «Коронавирустың төртінші толқыны келеді» - Бекшин

Алматыда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 1 мыңнан астам адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты. COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасынан бастап қыркүйектің басына дейін созылады деп күтіліп отыр. Ж. Бекшиннің айтуынша, вакцина індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар.

«Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып отыр. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім - 1,5%. 23 шілдеден бастап күнделікті КВИ көрсеткіші 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді», – деді мегаполистің бас санитар дәрігері.

Оның айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы - 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды. «Алматыда індеттің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында басталып, қыркүйектің басында төмендейді деп күтіліп отыр. Тамыз айында - 34,5 мың жағдай, қыркүйекте - 4,5 мың жағдай болады деп болжанған. 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлесінің артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 дельта нұсқасының тез таралғанын көрсетеді», –деді Ж. Бекшин.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 2429    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 21:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30