Денсаулық

Қостанай облысында босанған әйел дәрігердің кесірінен көз жұмды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бұл факті туралы Қостанай облысы әкімінің қатысуымен өткен денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген коллегиясы барысында айтылды. Қайғылы оқиға Жангелді ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетовтің айтуынша, оқиға орталық аудандық ауруханада болған.


«Қазір тәуелсіз сарапшылар тартылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Бір жарым аптадан кейін тексеру аяқталады. Сарапшылар барлық құжаттарды қарап шықты. Біз қазір олардың қорытындысын күтіп отырмыз. Медицина қызметкерінің кінәсі бар», - деді О.Бекмағамбетов.


Әкім бұл жағдайға бей-жай қарамай, істің мән-жайын анықтауды және кінәлілерді жазалауды тапсырды.


«Жыл басынан бері бірінші рет ана өлімі тіркеліп тұр. Бұл факті бойынша медицина қызметкері жазаланады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жұмысынан шығарамыз. Тексерудің нәтижесін маған баяндаңыз», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов О.Бекмағамбетовке.


Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұл оқиғадан кейін Акушерлік ісі, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары осы ауданның дәрігерлеріне семинар өткізгенін хабарлады.


 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30