Денсаулық

Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1,3 мың шағым түсті

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

2021 жылдың бірінші жартысында Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1396 шағым түсті. Бұл туралы Қордың Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, түскен өтініштің басым бөлігі медициналық сақтандыру жарнасын төлеу, МӘМС жүйесіне қатысу, жеңілдігі бар санатқа қосылу мен сақтандыру статусын анықтау мәселесіне қатысты.

 

Консультациялық сипаттағы сауалдардың дені Нұр-Сұлтан (100 мың адамға шаққанда 727,5), Алматы (100 мың адамға 375,1), Шымкент (100 мың адамға 162,1) қалаларына тиесілі.

 

«Жалпы, 2021 жылдың бірінші жартысында халық тарапынан 6552 шағым түскен. Оның 1 396-сы Алматы тұрғындарының еншісінде. Алматылықтар көбіне диагностикалық қызметті көрсетуден бас тарту (28%), көрсетілмеген қызметті ақпараттық жүйеге «көрсетілді» деп тіркеу (10,5%), медициналық көмекті ұзақ күту (7%), тиісті дәрі-дәрмектерді бермеу (6,6%) сынды фактілерге шағымданған», - деді филиал басшысы.

 

Соңғы кезде коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты медициналық мекемелерде жоспарлы көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты шағымдар көбейгенін атап өту қажет.

 

Егер қорға бірінші тоқсанда осы мәселеге қатысты 2599 шағым түскен болса, 2-ші тоқсанда сарапшылар 4056 шағымды қарастырған.

 

Айта кетейік, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс нөмірі немесе fms.kz ресми сайты арқылы тәулік бойы медициналық сақтандыру және пациент құқығы бойынша сауал қабылданады.

 

 

 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31