Денсаулық

Министр Қазақстанда 1 сәуірден бастап қандай өзгеріс болатынын айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакциналау есептегіші пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

 

"Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш "ілініп тұрады". Ол біздің сайтта орналасады", - деді Цой Алматыда өткен отырыста.

 

Есептегіш Қазақстанға қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көрсетеді.

 

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін алты миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр.

 

26 наурыздағы мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғандар саны – 110 861, екінші компоненті 25 318 адамға егілді.

 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстан мен Ресей "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының миллион дозасын жеткізу туралы уағдаласқанын мәлімдеді.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 4667    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 14:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31