Денсаулық

Міндетті вакцинация: 15 шілдеден кейін қызметкерлер қалай тексеріледі?

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі 15 шілдеден кейін жұмыс беруші мен қызметкерлердің вакцинация мәртебесі қалай тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тексеруге ішкі істер органдарымен бірлесіп мониторингтік топтар тартылады.

 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік органдар ішкі істер органдарынан тиісті материалдарды алған кезде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 82-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жұмыс берушілерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады:

 

санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-профилактикалық шараларды жүргізу;

 

көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 

санэпидбақылау органдарының лауазымды тұлғаларының актілерін орындау;

 

қызметкерлер арасында денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

 

"ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңнама орындалмаған жағдайда және ҚР ӘҚБК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша халықтың санэпидемиалогиялық әл-ауқаты саласындағы лауазымды тұлғалар қаулысы мен нұсқамасы орындалмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін. Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, жұмыс беруші, егер оның іс-әрекеті оның өмірі мен денсаулығына, оның ішінде басқа да қызметкерлерге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, қызметкерді шеттетуге міндетті", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

 

Айта кетейік, 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы керек нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету нысандары және халық жаппай баратын басқа да орындар кірген.

 




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30