Денсаулық

«Науқастарға ұзақ уақыт дұрыс диагноз қойылмауы мүмкін» - дәрігер

  • «Науқастарға ұзақ уақыт дұрыс диагноз қойылмауы мүмкін» - дәрігер

    «Науқастарға ұзақ уақыт дұрыс диагноз қойылмауы мүмкін» - дәрігер

 Әлемді әбігерге салған коронавирусты инфекция Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Былтырдан бері еліміз қауіпті індетпен күресіп келеді. Халық арасында аталған вирустың өзге ауруларды қоздыратыны және көптеген созылмалы дерттерге соқтыратыны жиі айтылуда. Осы орайда, еліміздегі асқазан-ішек ауруларына шалдыққандар саны айтарлықтай өскен. Әсіресе, індет кезінде онкологиялық ауруларға жасалатын ота саны әлдеқайда артты. Бұл туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Әділ Шөкебаев мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 "Әлемде өршіген коронавирус індеті халық денсаулығына, еліміздегі медицина саласына ауыр соққы болды. Соған қарамастан, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бұл індетке мемлекетіміздің барлық саласы бірге қарсы тұруда. 

Төтенше жағдай енгізіліп, коронавируспен сырқаттанған науқастар көбейген кезде қаламыздың көптеген хирургиялық және онкологиялық профильді ауруханалары жабылды. Кейбірі провизорлық стационарға айналды. Бірақ біздің Орталық төтенше жағдай енгізілген кезде өз жұмысын тоқтатпаған санаулы емдеу мекемелерінің бірі болды. Сол уақытта асқазан-ішек жолдарының онкологиялық аурулары бар науқастардың біздің орталыққа қаралу саны артып, өңеш, асқазан және тоқ ішек рагына жасалатын оталар саны өсті. 
"Коронавирустың ағзаға, нақтырақ айтқанда, асқазан-ішек жолдарына әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Бірақ қазір бізге белгілі деректер бойынша, коронавируспен сырқаттанған науқастарда тәбеттің жоғалуы, диарея жиі байқалады. Кейбір науқастар іштің ауыру сезіміне, жүрек айну және құсуға шағымданады. Пандемия кезінде осындай шағымдармен науқастардың қаралуы көбейгені рас", &ndash дейді асқазан-ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Абайұлы. 
Дәрігердің айтуынша, асқазан-ішек ауруларының асқынуы көп жағдайда ересектерде кездеседі. 

"Оған басты себеп &ndash ересектердің салауатты өмір салтын дұрыс сақтамауы, зиянды әдеттер, күйзеліс және басқа да созылмалы аурулардың болуы. Біздің бөлімшедегі оталар ересектерге жасалады. Орталығымызда балалар хирургиясы бөлімшесі бар болғандықтан, хирургиялық сырқаты бар науқас балаларға оталар сол бөлімде жасалады. Жалпы алғанда, 2020 жылы орталық бойынша 6 мыңға жуық науқас медициналық көмек алған, соның ішінде 500-ден астам балаға ота жасалған. Біздің мекеме республика деңгейіндегі басты хирургиялық орталық болғандықтан, еліміздің әр аймағынан ауыр жағдайдағы науқастар медициналық авиация арқылы бөлімшемізге қаралады. Соған қарамастан, бізде ем алған науқастар арасында өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес, 2020 жыл бойынша 1,3%-ды құрайды", &ndash дейді дәрігер. 

Сондай-ақ, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының дәрігері Әділ Шөкебаев тұрғындардың бүгінде денсаулығына немқұрайды қарамайтынын, ауру белгілелі байқалған бойда дәрігерге көрінуге тырысатынын атап өтті. 

"Сырқатының түріне байланысты жылдар бойы ем алатын науқастар да бар. Көп жағдайда науқастар өз денсаулығының алдында жауапкершілік танытып, шыдамды болуының арқасында ауруынан толық сауығып кетіп жатады. 

Мысалы, ахалазия диагнозы өте сирек кездеседі &ndash 100 мың адамға шаққанда тек 1 адамда. Біздің елімізде де осы сырқатқа шалдыққан науқастар бар. Сирек кездесуіне және дәрігер мамандардың бұл сырқаттан аз хабардар болуына байланысты науқастарға ұзақ уақыт дұрыс диагноз қойылмауы мүмкін. Тәжірибемізде 25-30 жылға дейін диагнозы дұрыс қойылмай, ауруының соңғы сатыларында ғана бізге қаралған науқастар кездесіп жатады.

Тағы бірнеше мысал келтіруге болады:

 Өңештің химиялық күйігіне байланысты науқастар бірнеше кезеңдік хирургиялық ем алады. Өңештен тамақ-су өтпеген жағдайда тамақтануды қалыпқа келтіру үшін алғашқыда асқазанға арнайы түтік қою отасы (гастростома) жасалады. 6 айдан 1 жылға дейін науқастар сол түтік арқылы тамақтанып, салмақ жинайды, келесі кезеңге дайындалады. Кейінгі екінші кезеңде асқазаннан немесе тоқ ішектен өңештің пластикасы отасы жасалады. Осылай науқастарда ауыз арқылы тамақ ішу қайта қалыпқа келеді. Өкінішке қарай, азаматтардың өз денсаулығына салғырт қарауы да жиі кездесіп жатады. Бірақ соңғы уақытта ел арасында бұл сирек құбылыс", &ndash дейді Асқазан-ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі. 




Көрілген: 2950    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.02.2021, 22:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30