Денсаулық

Пластикалық отадан кейін комаға түскен алматылық әйел көз жұмды

  • Гүлнара Айнағұлова. Фото: Марқұмның туыстарынан

    Гүлнара Айнағұлова. Фото: Марқұмның туыстарынан

Алматы облысы Ұзынағаш ауданының тұрғыны Гүлнар Айнағұлова өзінің сырт келбетіне өзгеріс енгізбек болып, пластикалық ота жасатқан болатын. Отадан кейін комаға түскен әйел қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.


Гүлнара Айнағұлова осыдан бір апта бұрын ауруханадан шығып, ақылы мейірбикенің қарауымен үйде болған.


Марқұмның сіңлісі Гүлзаданың айтуынша, пластикалық отадан соң Гүлнар есін жиып, арада 45 минут өткенде анафилактикалық шок алған.


Гүлнара осыдан кейін екі ай бойы комада жатқан.


Гүлзада Айнағұлова марқұм әпкесін осыдан бір апта бұрын ауруханадан шығарғанын мәлім етті. Ал 48 жастағы әйел өмірінің соңғы сәттерінде ұстамасы ұстап, жедел жәрдем шақырған.


Гүлнара Айнағұлованы 22 ақпан күні жер қойнына тапсырады.


Естеріңізге сала кетейік, Гүлнара Айнағұлова 2018 жылдың 13 қарашасында бетінің әжімі мен иегіндегі артық майларды тартқызғысы келіп, Алматыдағы танымал клиникалардың біріне барған. Алайда отадан соң келбеті өзгеруге тиіс әйел комаға түсіп қалады. 




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.02.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30