Денсаулық

Пневмонияның алдын алу үшін не істеу керек?

  • Пневмонияның алдын алу үшін не істеу керек?

    Пневмонияның алдын алу үшін не істеу керек?

 Күздің соңғы айы – қараша тұмау және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болу кезеңі болып саналады. Осы кезеңде пневмония да өршіп кетуі мүмкін. 

«Пневмония – бұл өкпе тінінің қабынуы, ол негізінен альвеолаларға әсер етеді және олардағы қабыну сұйықтығын дамытады. Аурудың басталуы дене қызуының жоғарылауымен, кеуденің ауыруымен, қақырықтың мол бөлінуімен сипатталады. Диагностиканың негізгі әдісі – флюорография, өкпенің рентгенографиясы. Бұл арқылы қара жарықтар мен қақырық дақтарын көруге болады», - дейді орталық мамандары. Пневмонияның алдын-алу үшін үй-жайды үнемі желдетіп отыру, тұрғын үйді таза ұстау керек. «Қозғалыс режимін сақтау керек. Таза ауада серуендеумен бірге қалыпты физикалық жүктемелер ауырып қалу мүмкіндігін төмендетеді. Зиянды әдеттерден бас тартып, қалыпты дене жүктемелерімен толыққанды демалысты ауыстыру керек және қатты салқындаудан сақ болу қажет. Сондай-ақ, тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту өте маңызды», - дейді ҚДСҰО баспасөз қызметі. Қазақстанда кең таралған ауруларға қарсы барлық белгілі вакциналар бар, соның ішінде ең озық 13 – валентті пневмоккты инфекцияға қарсы вакцина, ол 13 аса патогенді серотиптерді, яғни пневмоккты қамтиды.

inform.kz

 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.11.2019, 22:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31