Денсаулық

Профессор коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршиді деп есептейді

  • Профессор коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршиді деп есептейді

    Профессор коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршиді деп есептейді

Коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршуі мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен, бүкіл әлемде және Еуропада коронавирусқа қатысты қандай жайттың орын алып жатқанын көріп отырсыздар. Оның Қазақстанда да орын алу ықтималдығы бар. Дегенмен, ол бізде біршама жеңіл өтуі мүмкін, Себебі маусым мен шілде айында бізде көп адам ауырып шықты», &ndash деді қауымдастық президенті агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар профессор еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдығуға қатысты шынайы жағдай мен ресми статистика арасындағы мәліметтер қарама-қайшылығына қатысты пікір білдірді.

«Шындығына келгенде, біздің ресми статистикамыз шынайы жағдайдан 20-30 есеге аз көрсетіп отыр. Себебі адамдардың көпшілігі медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір де көп адам ауырып жүргенімен, ПТР-тестілеуден өтпейді. Мұны да біліп отырмыз. ПТР-дің оң нәтижесі барлық уақытта коронавирус бола бермейді. Сонымен қатар теріс нәтиже де вирустың жоқ екендігіне дәлел бола алмайды. Сол себепті меніңше, желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында ауруға шалдығу өсімі қазіргіден әлдеқайда жоғары болады», &ndash деді Вячеслав Локшин.
Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығы президентінің болжамынша, коронавирусқа шалдығу көрсеткіші, әсіресе еліміз өңірлерінде ушыға түсуі мүмкін.
 
«Қазіргі уақытта еліміздің шығысы мен солтүстігінде коронавирустың өршіп тұрғаны белгілі. Мұндай жайт оңтүстікке де келіп жетеді. Сондықтан оған дайын болуымыз қажет», &ndash деді профессор.
Осы орайда ол санитарлық шектеу шараларын сақтау маңыздылығына тоқталды.

«Коронавирустан сақтанып, денсаулығымызға қауіп төндірудің жалғыз жолы &ndash әлеуметтік арақашықтық сақтау, барлық жерде маска тағу және қолды үнемі жуу. Туған күн, үйлену тойын өткізуді, жерлеу рәсіміне қатысуды доғару керек. Жұмыстан басқасының бәрі тоқтағаны жөн. Мейрамханаларға жұмыс істеу керектігі түсінікті. Бірақ, олар сақтық шараларын қазіргіден де қатты сақтау тиіс. Егер дәрігерлердің ұсынымдарын орындамайтын болсақ, онда азаматтарымыздан айырыла береміз», &ndash деді Вячеслав Локшин.
Айта кетерлігі, өткен тәулікте ғана Қазақстанда 762 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Қазіргі уақытта елімізде коронавирустан 9 961 адам емделуде. Олардың арасында 464 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 228 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

 ҚазАқпарат.




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 22:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31