Денсаулық

ПТР-тест, вакцина төлқұжатын қолдан жасап сатқандар ұсталды

  • https://kursiv.kz/

    https://kursiv.kz/

Қазақстанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест қағаздары мен COVID-19-ға қарсы вакциналау төлқұжатын қолдан жасап сатқандар ұсталды.

 

Жалған құжаттарды жасағандар Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес айыппұл арқалайды немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Заңда бас бостандығынан айыру жазасы да қаралған.

 

Нұрбол Тасмағамбетов  ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының басшысы міндетін атқарушы:

 

- Жыл басынан жалған ПТР-тесттер, вакциналау төлқұжатын және оны  қолдану фактісімен 30 қылмыстық іс тергеуде болған. Оның ішінде жалған құжаттар штамп, мөрлер, бланк жасау, дайындау немесе сату, алдын ала келісу бойынша 10 факті бар.

 

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР-тесті мен вакциналау құжаты бойынша анықтаған 30 қылмыстық істің екеуін сотқа жіберген, ал 12-сінің күшін жойған. 16 істің мән-жайын тергеушілер тексеріп жатыр.

 

Құқық қорғау органдары жалған құжат дайындаушыларды әлеуметтік желілерден қолға түсіріп жүр. Мониторинг топтың күшімен түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ қағаздарды жасағандар былтыр алты, ал биыл 24 қылмыстық іске негіз болған.

 

Бір ай бұрын Алматыда вакциналаудың жалған төлқұжатын жасаған деп дәрігерлер күдікке ілінген. Ақ халаттылар қызметінен бірден шеттетілді.

 

Медицина қызметкерлерінің қанша адамға жалған төлқұжат жасағанын, қай кезден бастап аталмыш іспен айналысқанын алматылық полиция тергеп-тексеріп жатыр.

 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1722    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 00:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31