Денсаулық

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығына құны 25 миллиондық құрылғы тарту етілді

  • Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығына құны 25 миллиондық құрылғы тарту етілді

    Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығына құны 25 миллиондық құрылғы тарту етілді

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына құны 25 миллион тұратын стол-провайдер тарту етті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл құрылғы терапия сәулесінің зияндылығын азайтады.



Бүгінде еліміз бойынша, қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың саны артпаса кемімей отыр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда өткен жылы 176 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Шығыс Қазақстан облысында басқа өңірлермен салыстырғанда қатерлі дертке шалдыққан науқастардың саны басым. Бүгінде облыстағы медицина орталықтары науқастарға дер кезінде көмек беруге, аурудың алдын алуға, ауруды ертерек анықтауға барынша тырысып, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту мен өмір сүрудің ұзақтығын, сапасын жоғарылату мақсатында жұмыс атқаруда. Осындай орталықтардың бірі – Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы. Бұл орталықта Шығыс Қазақстанның әр өңірінен келген науқастар ем қабылдайды.



Қазіргі таңда медицинаның да, медициналық технологиялардың да бір орында тұрмай, күннен-күнге дамып келе жатқаны көпшілікке аян. Орталықтағы медиициналық құрылғылардың жаңаруы, мамандардың біліктілігінің жоғарылай түсуі ауыр дертке шалдыққан науқастарға үміт сыйлайды, олардың өмірін ұзартуға мүмкіндік туғызады. Кез келген медициналық мекеме секілді Ядролық медицина және онкология орталығына да жаңа жабдықтар аса қажет. Ал заманға сай құрылғыларды сатып алуға мекемелердің шамасы жете бермейді. Осы орайда онкологиялық науқасарды емдеуге қолданылатын аса қажет жабдықтардың бірін таяуда Асқар Жакулин атындағы қор қызметкерлері Орталыққа сыйға тартты.



Медицинаның құрылғыны табыстау үшін марқұм Асқар Жакулиннің жолдастары, мәдениет қайраткері, ақын Алмас Ахметбек, «Үркек» ЖШС директоры Дәурен Халмет, Асқар Жакулин атындағы қордың демеушісі, «Ас-Ай» компаниясы директорының орынбасары Мархабат Шәкіреева, қайырымдылық қорының менеджері Назым Мұхамедиева Семейге арнайы барып қайтты. Стол-провайдерді Орталыққа қордың директоры Гүлнар Сейдоллақызы табыс етті. Медициналық құрылғыны табыстау салтанатына Ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері қатысы. Асқар Жакулин атындағы қор сыйға тартқан стол-провайдер 3D сәуле терапиясын жүргізуге мүмкіндік береді.


«Бүгінде еліміз бойынша әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында жатыр мойны қатерлі ісігі жиі кездеседі. Осы дертке шалдыққан науқасты сырттай сәулелендіру арқылы ғана емес, іштен сәулелендіру арқылы емдейді. Ол үшін арнайы сәуле өткізгішер қолданылады. Ал осы сәуле өткізгішті орнату үшін арнайы провайдер-столдар қажет. Бұл басқа мүшелерді зақымдамау үшін аса маңызды. Өйкені жатыр мойнының жанында тік ішек, қуық орналасқан, ал осы стол сәуленің белгілі бір мөлшерін нақты жатыр мойнына өкізу үшін қажет. Демеушілердің жасап отырған сыйы науқастардың дертінің асқынбай, дұрыс ем алуына, заманға сай медицинаның жетістіктерін пайдалануына мүмкіндік береді», дейді онколог-дәрігер, профессор Тасболат Әділханов.


Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Семейдегі Ядролық медиицина және онкология орталығына бұрын да демеушілік жасаған болатын. 2017 жылы қор Орталықтың интенсивті терапия және реанимация бөліміне жалпы құны 8 миллонға төсектердің жанына орналасырылатын мониторлар сыйлаған еді.


Ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері Асқар Жакулин атындағы қордың тарту еткен құнды сыйлығына дән ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Осындай қайырымдылық істер Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосатыны анық.


Жалпы, Асқар Жакулин атындағы қор құрылған аз ғана уақыт ішінде ұжым түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, еліміздегі біршама медициналық мекемелерге, науқас балаларға қол ұшын беріп келеді. Естеріңізге сала кетейік, белгілі меценат, парасатты азамат Асқар Жакулин ауыр дерттен көз жұмған соң жары Жайна Жакулина 2016 жылы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорын құрған болатын. Бүгінде қор ұжымы игі ісердің бастамашысы болып келеді.


Айнұр Нұрсабет




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.12.2018, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30