Денсаулық

Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

  • Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

    Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

Ашық су айдындарында шомылып жүрген адамның коронавирус жұқтыруы қаншалықты мүмкін? Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетоваға орталық коммуникациялар қызметінде осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

"Бүгінгі таңда коронавирустың су қабылдау жолдары арқылы жұғатыны анықталмаған. Яғни коронавирус су арқылы берілмейді. Бірақ, сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды дәл сол су қоймаларында, егер ара қашық сақталмаса, жаппай адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі бар екеніне аударғым келеді. Өйткені коронавирус ауа арқылы таралады. Науқас адам ұсақ ауа тамшыларын шығарады. Бөлшектердің мөлшеріне байланысты ауа көпіршігі ұзақ уақыт ауада қалықтап жүруі мүмкін. Бұл бір шаршы метр аумаққа тым көп адам жиналған жағдайда жұқтыру факторы бар", – деді Айжан Есмағамбетова.

 
Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы ПТР кімдерге тегін екенін айтқан болатын.

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен ПТР тестілеу тегін өткізілетін адамдардың 12 санаты бекітілген. Бұл клиникалық белгісі бар, науқаспен байланыста болған, жүкті адамдар. Басқа тұлғаларға тегін ПТР тест қарастырылмаған. Вакцинация тегін, ПТР тест мемлекет бюджетінен қаржыландырылмаса да, қазақстандықтардың вакцинация мен ПТР тестің біреуін таңдауға құқығы бар", – деді комитет басшысы.

Stan.kz




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 20:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30