Денсаулық

Тағы бір қауіпті вирус табылды

  • Тағы бір қауіпті вирус табылды

    Тағы бір қауіпті вирус табылды

  • Тағы бір қауіпті вирус табылды

    Тағы бір қауіпті вирус табылды

Вирустың тасымалдаушысы - жарқанаттар. Олардан вирус адамға жұғуы мүмкін. Өлім деңгейі 75%-ке жетеді

Адам үшін қауіпті саналатын Нипах вирусы Үндістандағы жарқанаттардан табылды.

РИА Новостидің хабарлауынша, жаңа вирусты Үндістанның ұлттық вирусология институтының ғалымдары анықтаған. Махараштра штатындағы жарқанаттар вирустың тасымалдаушысы болып отыр.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұшатын түлкілер мен тышқандарда кездесетін вирусты әлемдегі ең қауіпті деп санайды. Ол осы жануарлардың сілекейі бар жемістер жеген адамдарға жұғады", - делінген үнді ғалымдарының мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Нипах вирусын емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ екендігі хабарланды. Одан өлім деңгейі 40 проценттен 75 процентке дейін жетеді.

Бұған дейін Үндістанда аурудың төрт ошағы анықталған болатын. Нипах вирусы алғаш рет 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда тіркелген. Тағы екі рет - 2018 және 2019 жылдары Керала штатында.

Ғалымдар 2020 жылдың наурызынан бастап Махабалешвара үңгіріндегі Rousettus leschenaultii и Pipistrellus Pipistrellus түрлерінің 80 тышқан сынамаларын зерттеп, олардан РНҚ мен Нипах вирусына антиденелерді тапқанын атап өтті.

Зерттеушілердің айтуынша бұл зерттеулер әлі де пысықтауды қажет етеді.

Sputnik.kz




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30