Телефон арқылы сынық салатын келіншек

Телефон арқылы сынық салатын келіншек

Онлайн ем. Осындайды естуіңіз бар ма? Сіз экранның арғы бетінде, шипагеріңіз бергі шетінде. Мұндайды жасы үлкен аға-апалар өткен ғасырда көрген: Кашпировскийдің телесеанстарын талайлар тамашалады. Ал мыңдаған шақырым қашықта отырған жанның шыққан қолын WhatsApp мессенджеріндегі бейнеқоңырау арқылы салу дегеніңіз... сену қиын болса да біз куә болған жай.

 

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова жайлы біз өткен жылдың қыркүйек айында жазған болатынбыз. Ол бес жасынан сынық салады. Атадан берілген қасиет иесін тапса, бала деп күтіп тұрмайды екен. Бағдагүл де осы себепті ел ішіндегі сүйегіне зақым келген жандарға кішкентайынан ем жүргізіп келеді. Оның басынан өткен тылсым оқиғалар аңызға бергісіз әңгіме. Осы «аңызға» енді сынықшының шыққан сүйекті қашықта отырып салу әдісі қосылды.

 

«Бұлай болады деп өзім де ойлаған жоқпын. Бұл амал жоқтан жасалған қадам болатын. Нұр-Сұлтан қаласынан хабарласқан келіншектің баласының қолы шығып кетіпті. Көмек сұрап шырылдап тұр. Шыққан, сынған сүйек көрсем соны орнына салғанша жаным байыз таппай кететін әдетім бар. Алыста екенімді білсем де көрейінші деп бейнеқоңыраумен хабарластым. Әлгі бала тап алдымда отырғандай сүйектің құрылысын көріп тұрмын. Дәрігерге бар дейін десем бір құдірет өзім көмектесе алатынымды сездірді. «Қолы шығып кетіпті ғой. Мен көмектесейін», – дедім. Айтуын айтып алып мен де, ол да таң қалып тұрып қалдық. Содан Аллаға сиындым да, әлгі келіншекке бала қолының сынған жерін ұстап тұр дедім. Қалай ұстау керегін көрсеттім, түсіндірдім. Өзім ішімнен тоқтаусыз дұға оқып, Алладан медет, рухтардан көмек сұрадым. Сәлден кейін бойымда бір алапат күш пен өзіме деген сенім пайда болды. Біз жақта Назар ата деген күшті әулие бар, осындай қиын сәттерде мен соның рухын көмекке шақырамын. Сәлден кейін мен осы атаның атын айттым да, үш дегенде анасы мен көрсеткен тәсілмен баланың қолын жоғары көтере тартып қалды. Тырс етті. Мұны жылап отырған баласының жанында отырған келіншек пен күйеуі, тіпті 1400 шақырым қашықта, телефонның бергі шетіндегі мен де естідім. Олар қорқып кетті. Ал мен бала кезден сүйекпен жұмыс істеп келе жатқан сынықшы емеспін бе, бұл дауыстың қорқынышты емес, керісінше, қуанышқа апаратынын жан дүниеммен сезіндім. Әшейінде сынықты ұстап, сипап отырып білемін ғой. Бұл жолы сүйектің орнына түскенін телефонмен-ақ рентген сияқты анық көрдім.

 

Бірнеше күннен кейін иығы шыққан азаматқа да осылай көмектестім. Бас тартсам өзім түнімен дөңбекшіп, таңға дейін көз ілмей қиналып шығамын. Көмек беруден бас тарту менің өзіме ауыр тиеді. Осылай жұмысымды онлайн түрде жалғастырып жатырмын.

 

Грыжа асқынып кетті, жүре алмай қалдым деген азаматқа осы тәсілмен үш күн қашықтан ем жасадым. Оған турникке тартылуды тапсырып, өзім сүйектің қозғалысын онлайн түрде қадағалап отырдым. Әрине, Аллаға сиынып, жебеуші рухтарды көмекке шақырып, тоқтаусыз дұға оқимын. Сөйтіп сүйектің қалпына қарай қалай қозғалуды айтып отырамын. Ол жігіт үш күнде тәуір болды. Нәтижесін МРТ-мен тексеріп ал дедім. Рас, алғашқыда өзге түгілі өзім де сенбей, таң қалдым. Тосырқадым, толқыдым. Кейін мұның бәрі құранның құдіреті екенін ұқтым», – дейді сынықшы.

 

Тағы бір қызығы, жұрт жаппай жұмысымыз тоқтап қалды деген тұста сынықшы келіншектің, керісінше, жауапкершілігі арта түсіпті. Қашықтан жасалатын емде дұғаның орны ерекше екенін түсіндім дейді ол. Осы әдіспен денесін іріңді жара басқан балаға суға дем салып беріпті. Әрине, бейнеқоңырау арқылы. Сол суды ішіп, онымен жараны сүрткен бала көп ұзамай кеселінен айыққан. Ұйқысы бұзылған танысы «зарядталған» суды ішкен соң жақсы тыныққанын айтқан. Ал Бағдагүлге мұның бәрі сынақ сияқты: жаңа тынысы ашылған ол басы ауыратын, бауыр тұсы бүлкілдеп, бүйрегі сыздайтындарға да осы әдісті қолданып көреді. Кім-кім де үш күнде тәуір болғанын айтқанда сынықшы келіншек емшілік қыры ашылып келе жатқанын түсінеді.

 

«Тіл-көз бар деп керсеткен адамдарға бір кесеге тұз салып, соның суретін маған жібер деймін. Негізі мұны маған аталар (жебеуші-жетелеуші рухтар) айтады. Суретке қолымды қоя отырып дұға оқығанда алақаным оттай қызып кетеді. Байланыс жақсы болса мұны бейнеқоңыраумен жасаймын. Сосын осы тұзды жылы суға ерітіп, соған шайынған адам сол сәтте жақсы болады.

 

Күні кеше реанимацияда есін жимай жатқан адамның суретіне дем салдым. Сәлден кейін анасы хабарласып, жылап тұрып рахметін айтты. Бұл сәт менің есімде мәңгі сақталатын шығар.

 

Мен қазір өз-өзімді сынау, зерттеу үстіндемін. Суға, тұзға дем саламын ғой. Сонда дұға оқып жатқан кезде менде қызық әсер болады. Денемде бір түсіндіріп болмайтын құбылыс басталады, бөгде әлемге кіремін бе, білмеймін, түсіндіре алмаймын. Әйтеуір орнымнан қозғалмағанмен ем алып жатқан адамның жанында жүргендей боламын. Ал кейбір кісілер сенбей тұрса ем ойымдағыдай болмайды да, өзімнен өзім ашуланып, байыз таппай кетемін.

 

Осындай бір емде бүкіл әлемді ұмытып, дұға оқуға кірісіп кеткен сәтім. Бұл да бейнеқоңырау болатын. Арғы беттегі адам кесеге су құйып қойған. Дұға оқып жатып арасында соған қарай үрлегенімде ыдыстағы су беті дірілдеді. Ол әйел қорқып кетті. Мен қызық көрдім де дұғаны ұзақтау оқып, мұны бірнеше рет қайталап көрдім. Құранның құдіреті... Мұны басқаша түсіндіре алмаймын».

 

Бағдагүл осылай дейді. Ол жұртқа көмектесу арқылы өзін тану үстінде. Құран құдіретіне қашықтық кедергі емес екеніне көзі жете түскенін айтады. Бастысы, адамдарға көмектесіп жатыр.

 

Р. ОРДАБЕК.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста