Темекіден қалай бас тартуға болады?

Темекіден қалай бас тартуға болады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер шарында 1 млрд-тан астам адам шылым шегеді. Темекі тұтынушылар жылына 5,7 млрл дана сигарет пайдаланып, 1 млн. тонна тұқыл тастайды екен. Оның адам денсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізетіні анық. 20 жыл бойы шылым шегіп, жағымсыз әдеттен біржола арылған Петропавл тұрғыны Ертай Қалижанов Azattyq Rýhy тілшісіне темекіден бас тарту жолы туралы айтып берген еді. 

БІР АДАМ ТЕМЕКІГЕ ЖЫЛ САЙЫН ЕҢ КЕМІ 180 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖҰМСАЙДЫ

Ертай Қалижанов жасөспірім шақтан шылымға әуестене бастаған. Кейін тентектік пен жай ғана қызығушылық жағымсыз әдетке айналып кеткен. Бастапқыда күніне бірнеше тал темекі тартатын ол уақыт өте келе тәулігіне бір қорабын тұтынуға көшкен. Оның денсаулыққа айтарлықтай зиянын келтіріп қанай қоймай, қалтаны айына орта есеппен 15 мың теңгеге қағатынын да ескеріп, шылым шегуден бас тартуға іштей бірнеше рет оқталған. Бірақ нәтиже шықпапты. Бір адам ең кемі жылына 180 мың теңгесін шылымға шығындайды. 

«Темекі адамға көп жайсыздық әкеледі. Өзіңнен жағымсыз иіс шығып тұратынын да аңғармайсың. Тіске тас байланады, сарғыш тартады. Ентігу жиілейді. Бұл әрине, бер жағы ғана. Денсаулыққа қаншама зиян келтіріп жатса да, одан бас тарту қиын. Балаларым ес білген соң өзіме ескерту жасай бастады, иістен жиіркенетін. Темекінің бағасы да өсіп кетті. Осының барлығы жағымсыз әдеттен арылуға итермеледі. Бастапқыда тартып тұратын. Уақыт өте келе барлығы ұмытылды. Көпшіліктің темекіні тастау үшін түрлі конфеттер, электрондық сигарет сынды әдістерге ауысып жататынын көремін. Менің ойымша, оның барлығы бос әурешілік. Темекіні тастағысы келетін адам &ndash басқа жолды ісдемеу керек. Одан біржола бас тартқан абзал», - дейді ол. 
Дегенмен кейіпкеріміз темекіден бас тарту оңай болмағанын мойындайды. Бастапқыда бір жарым ай бойы электрондық сигарет тұтыныпты. 

«Бір кездері темекі шегіп, 10 жыл бойы аузына алмай, кейін қайта бастап кеткендерді білемін. Абзалы &ndash оған мүлде жоламау. Электрондық сигарет тартып жүрген кездрім болды. Бірда жұмысқа кеткенде оны үйде ұмытып кетіппін. Түске дейін шыдау қиынға соққан жоқ. Келесі күні оны үйде әдейі тастап кеттім. Осылайшы біртіндеп тұтынуды азайттым да, біржола қойып кеттім. Ең бастысы адам жағымсыз әдеттен арылуға өзі ниеттенуі тиіс. Өзіңді жеңбесең, басқа ештеңе көмектеспейді», - дейді Ертай.
Миллиондаған адам темекінің зияны туралы білсе де, оны тұтына береді. Денсаулыққа зиян екендігі оларды ойландырмайды. Мамандардың айтуынша темекіге тәуелділіктің екі факторы бар &ndash психологиялық және физиологиялық. Алғашқысы жылдар бойы қалыптасқан әдет, екіншісі никотинге тәуелділік. 

«Шылым шегетін адам демігеді, тыныс жолдарынан қақырық бөлінеді, қан айналымы нашарлап, соның салдарынан ағза жасушаларына қорек дұрыс бармайды. Никотин - жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларын тудырады, ас қорыту функциясы, көру қабілеті нашарлайды. Тіс эмальында қатты және жұмсақ тастар түзіледі. Қалқанша безінің қызметі нашарлап, әйелдердің репродуктивті қабілеті  төмендейді. Жүйке жүйесі бұзылып, күш-жігер азаяды, тез шаршау пайда болады. Онкологиялық аурулар қаупін жоғарылатады. Тіпті генетикалық ауытқушылықтарға алып кетуі мүмкін. Шылым шегушілер өкпе рагынан 6-9 есе жиірек өледі. Жүрек аурулары да 2-3 есе жоғары. Бетті тез әжім басады», - дейді психиатр нарколог дәрігер Татьяна Евтушенко.

ЭЛЕКТРОНДЫ СИГАРЕТ СӘНГЕ АЙНАЛДЫ

Қазір көпшілік электрондық сигареттің зияны аз деген пікірде. Бір қарағанда солай көрінуі де мүмкін. Бірақ бұл &ndash қателік. 

«Электрондық сигарет &ndash бөлек сатылатын хош иістендірілген сұйықтық. Оның сапасы өндірушіге байланысты. Сұйықтыңтың құрамына пропилен, глицерин мен никотин кіреді. Ол да пластырь, сағыз сынды никотин алмастыру терапиясына жатады. Оны темекіден бас тартқысы келетін адам &ndash никотин қабылдау үшін өзін жұбатады. Ал иістендіргіштердің зияны жоқ деуге болады. Ол жағымды исі және дәмімен көпшілікке ұнайды. Алайда электрониканың жағымсыз әсері көп. Метабализм бұзылады. Сондықтан тұрақты тәуелділік дамиды. Құрамындағы элементтер адам ағзасын ластайды. Шылым шеккендегі сияқты психологиялық тәуелдідік пайда болады. Ғалымдар оның сигаретті алмастыратын қауіпсіз балама емес екенін дәлелдеді. Себебі электрондық сигарет арқылы ағзаға түсетін никотин көлемі әдеттегі темекіден әлдеқайда жоғары. Ал олардың барлық талаптар сақтала бермейтін Қытай фабрикаларында шығарылатынын ескерсек, зиянын бағамдай беруге болады. Шылым шегетін адам бас тартықысы келсе, өзіне берген уәдесінде тұруға үйренуі тиіс. Стресстен темекі арқылы емес, салауатты өмір салты арқылы арылу керек», - дейді Татьяна Степановна. 

БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМЕКІ ШЕГУДЕН ТАС ТАРТУ КҮНІ

Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекіден бас тарту күні аталып өтіледі. Айтулы күнді 1977 жылы Америка онкологиялық қоғамы бекіткен. Мақсат &ndash темекіге тәуелділіктің таралуын азайтуға, темекіге қарсы күреске халықтың барлық топтарын және барлық мамандықтағы дәрігерлерді тартуға ықпал ету. 

Статистикаға сүйенсек, темекі шегетіндердің көпшілігі шылым тартудың зиянды әдет екенін хабардар, алайда никотинге тәуелділіктен арылуға тырысатындар саусақпен санарлық. Біреулері одан арылу мүмкін емес деп есептесе, екіншілері ағза қайтадан қалпына келмейді деп есептейді екен.  

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста