Денсаулық

"Тоқтата алмаймыз": ДДСҰ басшысы жаңа вирустың пайда болатынын ескертті

  • © AFP 2021 / DIMITAR DILKOFF

    © AFP 2021 / DIMITAR DILKOFF

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тоқтату мүмкін болмайтын жаңа вирустың пайда болатынын ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Биологиялық көзқарас тұрғысынан, бір күні басқа вирустың пайда болатыны күмәнсіз. Біз оны тоқтатуға қауқарсыз боламыз", - деп мәлімдеді ол "Үлкен жиырмалық" елдерінің денсаулық сақтау және қаржы министрлерінің кездесуінде.

 

ДДСҰ басшысы келесі індетке дайын болу үшін қазіргі пандемиядан сабақ алу қажет деп санайды.

 

Гебрейесус әлемдік қауымдастыққа "күшейтілген" ДДСҰ қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ пандемиялармен күресу үшін жаңа қаржылық тетік және қазіргіден де тиімді басқару қажет. Ол үшін денсаулық саласындағы қауіп-қатерлерге қарсы күресті қаржыландыру кеңесін құрып, пандемиялармен күрес туралы келісім бекіту керек.

 

Бұған дейін Гебрейесус егер адамзат қаласа, коронавирус пандемиясы тоқтайтынын мәлімдеген еді. Оның пікірінше, жыл соңына дейін әр елде халықтың кемінде 40%-ін вакциналау мақсатына қолжеткізуге болады. Бұл үшін мемлекеттер мен компаниялар өз мәлімдемесіне сай әрекет етуге тиіс. Ол өз көздегеніне жеткен елдерді, соның ішінде "Үлкен жиырмалық" мемлекеттерін халықаралық COVAX механизмі мен африкалық Avat қорына басымдық беруге үндеді.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сенбі, 30.10.2021, 18:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"
    17 Желтоқсан 2021
    Пандемия қашан аяқталады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31