Денсаулық

Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді

  • © Sputnik / Владимир Песня

    © Sputnik / Владимир Песня

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығы директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып салғызды. Ол төрт айдан соң жағдайы мен антидене деңгейі туралы  Sputnik Қазақстанға айтып берді.

 

"Мен екі ай бойы антиденелерді тексеріп отырдым. Одан кейін тексермедім. Қазіргі уақытта жағдайымды зерттеп жатырмын. Соңғы рет тексергенде 12 логарифм болды немесе титр 1:4000. Вакцина салғызғаннан кейін екі айдан соң айтарлықтай титрлар байқалды", - деді Табынов.

 

Алайда оның айтуынша, бұл қоршау көрсеткіші емес.

 

"Вакцина қорғап-қорғамайтынын білу үшін мен адамдар коронавируспен ауырып жатқан госпитальге баруым керек екенін айту керек. Сол ортада болғанда ғана вакцинаның нақты күші байқалады", - деді вирусолог.

 

Табынов ақпан айында Еуропаға барып, коронавирус жұқтырған ғалымды мысалға келтірді. Ол антиденелерді тексеріп отырған.

 

"Бірақ ол 5 айдан соң коронавирустың мутацияға ұшыраған түріне қайта шалдықты. Сол кезде стационарда болып, қорғаныш киімінсіз ковид жұқтырған науқастарға көмектескен. Ол вирустың әжептәуір дозасын жұқтырды", - деді Табынов.

 

Сондықтан ғалым екпе салынса да, қорғаныс құралдарын қолдануға бей-жай қарауға болмайтынын жеткізді.

 

 

 




Көрілген: 2400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 20:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31