Денсаулық

«Төрт-бес әйелге шамасы жетеді»: уролог ерлердің жыныстық қатыныста мықты болу құпиясын айтып берді (ВИДЕО)

  • «Төрт-бес әйелге шамасы жетеді»: уролог ерлердің жыныстық қатыныста мықты болу құпиясын айтып берді (ВИДЕО)

    «Төрт-бес әйелге шамасы жетеді»: уролог ерлердің жыныстық қатыныста мықты болу құпиясын айтып берді (ВИДЕО)

Елімізге танымал сынықшы әрі уролог Ерлан Төреев ер адамдардың төсектегі қабілетіне қатысты сөз қозғады. Ата-бабасынан қонған сынықшылық қасиетті әлі күнге дейін жалғастырып жүрген ол ер адамдарды денсаулығына бей-жай қарамауға шақырған. Әсіресе, құйымшақтың зақымдануы еркектердің төсектегі күшін азайтып, өмір бойы қиындық көруіне соқтыруы мүмкін екенін айтуда деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз балаларды кішкентайынан спортқа, күрес түрлеріне бергенді жақсы көреміз. Ұлымыздың күші көбейіп, өзін қорғайтындай дәрежеге жетсін деп ойлайтынымыз анық. Бірақ мұның түбіндегі салдары ауыр болатынын ұмытпаған жөн. Күреске келген балалар бір-бірімен алысып-жұлысып, көпшілігі кілемге жамбасымен құлап жатады. Ал бұл бірден құйымшаққа күш түсіреді. Құйымшаққа келген зақым оның болашағына әсер етуі бек мүмкін. Себебі, урологиялық дерттер мен еркектің төсекте белсенді болмауы, бір түнге шамасы жетпеуі құйымшақтың зақымдануынан", - дейді сынықшы.

Ерлан Төреев қазақтың "жеті жасқа дейін бала жерден таяқ жейді" деген сөзін де дұрыс көрмейді.

"Ұл өсіріп отырған әрбір ата-анаға баланың болашағына мән беріңіздер дегім келеді. Себебі, құйымшақ &ndash адам денесіндегі маңызды қызмет атқаратын мүшелердің бірі. Әсіресе, жігіттердің құйымшағы әлсіз болмағаны дұрыс. Құйымшақты күтіңіздер. Ал құйымшағы жақсы жұмыс істейтін жігіттің төсекте төрт-бес әйелге шамасы жетеді. Әрине, мен сіздерге балаңыз осынша әйел алсын деп отырғаным жоқ. Бұл жерде құйымшағына зақым келмеген еркектің әлеуетін айтып отырмын", - дейді ол.

Бүгінде Ерлан Төреев "Аламан" медициналық орталығында қызмет етуде. Оның алдына келетіндер қатарында құйымшағын зақымдағандар, сегізкөз арқылы жыныстық ауруларға ұшырағандар көп.

"Мен отыз жылдан бері адам емдеп келе жатырмын. Бұрын Шамалғандағы үйімде қабылдайтынмын. Қазір қаладан "Аламан" медициналық орталығы ашылып, науқастарды емдеп жатқан жайым бар. Маған келгендердің алдында жағы үгітіліп кеткендер де, омыртқа жарығы салдарынан орнынан тұра алмай қалғандар да болды. Шамам келгенше бәрін аяққа тұрғызып жатырмын. Сүйегі сынғандар, сүйегі шыққандар, омыртқа ауруларына ұшырағандар, тізе, құйымшағы ауыратындар мен урологиялық дерті барлар алдыма жиі келеді. Олардың ішінде еліміздің өнер жұлдыздары да бар", - дейді сынықшы. 

ВИДЕО:
 https://www.instagram.com/p/CGFTq_tBohQ/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again




Көрілген: 2633    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 23:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31