Денсаулық

Тіс жұлу мен пломба тегін: Медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

  • Тіс жұлу мен пломба тегін: Медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

    Тіс жұлу мен пломба тегін: Медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

Қазақстандықтар жеке емханада тісін тегін емдете алады. Жаңа жылдан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастады. Жүйе талабы бойынша, әлеуеті әлсіз жандар, балалар мен жүкті әйелдер тіс дәрігеріне жұмсайтын ақшасын үнемдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Стоматологиялық қызметтер бойынша, пломба немесе тісті жұлуға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі тарапынан қызмет көрсетіледі. Балалар мен жүкті әйелдердің кез келген уақытта аталмыш қызметті алу мүмкіндігі бар", - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

МРТ және компьютерлік томография да тегін көрсетілмек. Ол жұмыс істейтін қазақстандықтарға ғана қолжетімді болмақ. Себебі, оларға жұмыс беруші ай сайын жарна аударып отыр. Ал халықтың басым бөлігін, яғни 11 миллиондай адамды мемлекет сақтандырады.

Оған балалар, аяғы ауыр әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер кіреді. «Өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар» міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеген жағдайда ғана тегін қызмет алады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 2 мыңнан астам аурухана сақтандыру негізінде емдеуге қауқарлы. Оның жартысынан көбі – жекеменшік.




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.01.2020, 22:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30