Денсаулық

Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

  • Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

    Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды, осы орайда ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.


Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан астам науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым, - деді Алексей Цой.


Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.


Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 млн астам дозасын сатып алды. 1427FCB6-3656-4E2E-BF04-653E58B7766D.JPEG


Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы- А(H3N2), А(H1N1) және В қарсы антиген бар.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ға тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7200 дозасын бөлген.


Емханда 3500 бала, 3700 ересек, оның ішінде 468 жүкті әйелді, диспансерлік есепте тұрған 2 582 адам мен 65 жастан асқан 519 азаматты және 350 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда.


«Гриппол +» вакцинасы тұмауға қарсы ерекше жоғары иммунитет қалыптастырады.

A1849B21-4997-4F31-AC63-9906FA7D88FA.JPEG
Вакцинация тәуекел тобына кіретін адамдарүшін тегін, атап айтқанда:
• мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
• медицина қызметкерлері;
• жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
• жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар;
• созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
• 60 жастан асқан қарттар.
Елімізде бүгінде тұмауға қарсы вакцинациядан бас тартқандар тіркелген жоқ.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31