Денсаулық

Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады

  • Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады

    Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кімге тұмауға қарсы екпе тегін салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Қазір Алматыда тұмауға қарсы вакцина салуға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген.

«Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.

Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды.

Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады.

Ақылы негізде жеке медициналық ұйымдарда тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі.

Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31