Денсаулық

Вакцинация паспорты: бас санитар дәрігердің тағы бір қаулысы шықты

  • © REUTERS / DADO RUVIC

    © REUTERS / DADO RUVIC

Қазақстан өз аумағында алты елдің вакцинациялау паспортын жарамды деп таныды. Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов тиісті қаулыға қол қойды.

 

"Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары (сертификаттары, анықтамалары) Қазақстан аумағында жарамды деп танылсын", - деп жазылған құжатта.

 

Құжат үлгісі қаулыда көрсетілген. Өзгеріс қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижесі бойынша Қазақстан азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында электрондық "Вакцинация паспорты" болады. Ол "eGov mobile" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисіне жүктеледі.

 

21 маусымда Қазақстан мен Ресей бір-бірінің паспортын жарамды деп тануға қатысты келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

 

Денсаулық министрлігі вакцинацияның екі курсы да бір елде жасалауы тиіс екенін атап өтті.

 

Қазіргі уақытта Ресейге баратын қазақстандықтар екпе салдырғанына қарамастан, ПТР-анықтама көрсетуі тиіс (мерзімі 72 сағаттан аспауы керек).

 

Қазақстанға келетін көрші ел азаматтарына да осындай талап қойылады.

 

Sputnik Қазақстан Денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне хабарласты. Олар Қазақстан бұл мәселеге қатысты бірнеше елмен келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді. Аяқталу мерзімі әлі белгісіз.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 5171    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 19:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30