ЕҚЫҰ-ның құрылымы қандай?

23 сәуір 2010, 15:07

ЕҚЫҰ-ның құрылымы мен басқа да органдары жөнінде көп біле бермейміз. Сондықтан біз ЕҚЫҰ туралы бірқатар мәліметтер бере кетуді жөн көріп отырмыз. www.alashainasy.kz/wp-includes/js/tinymce/plugins/wordpress/img/trans.gif" />

Бас хатшы – ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді, хатшылықты басқарады. Ол Министрлер кеңесімен үш жыл мерзімге тағайындалады. Төраға – ЕҚЫҰ-ның ағымдағы жұмыстарына жетекшілік жасайды: ұйым жұмыстарына бағыт-бағдар береді, жанжалдарды шешу процестерін бақылайды, мекемеге өкілдік жасайды. Cаммит – ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Президенттері мен үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі жылына бір мәрте аса маңызды мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық, басшылық етуші орган болып табылады. Тұрақты кеңес – ЕҚЫҰ төрағасының жетекшілік етуімен тұрақты түрде саяси консультациялар өткізеді және шешімдер қабылдайды. ЕҚЫҰ-ның одан өзге Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы, Парламенттік Ассамблеясы, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі, Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы комиссары және ұйымның сырттағы 19 миссиясы жұмыс істейді.