Энергия үнемдеу: кедергілер мен мүмкіндіктер

Энергия үнемдеу: кедергілер мен мүмкіндіктер

Қазақстанның энергетика саласы толықтай шикізат ресурсына негізделген. Иә, шикізаттан энергия алу жолы - арзан. Оның үстіне біз шикізатқа, көмірсутегі қорына бай елміз. Біз сол аңызға айналған «жасыл» энергетика жолына түспеуге мүмкіндігіміз бар ма?

Бұрынғыдай энергия өндіре берсек қайтер еді? Қазақстан тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылар қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Светлана Рубцованың айтуынша, біздің «жасыл» энергетиканы мықтап қолға алудан басқа жолымыз жоқ. Жер шарының қазіргі жағдайы, табиғат ресурстарын өндіру мен пайдалану қорқынышты деңгейге жетіп отыр. Бұл осы қарқынмен жалғаса берсе, 2040 жылға қарай мұнай, газ, уран қоры түгесіле бастайды. Ал, 2070 жылғы қарай ол толықтай таусылады. Сондықтан әңгіме тек қоршаған ортаны қорғау, экология мәселесі ғана емес, электр қуатын өндірудің энергоүнемділік және энерготиімділік жобалары бойынша толыққанды, әрі қауіпсіз бағдарлама жасап, соны жүзеге асыруда болып отыр. Бұл бүгін бүкіл әлем бойынша ең өзекті мәселеге айналды.

Дамыған елдерде өндіріс саласы осыған басымдық беріп отыр. Барлық экономикалық жобаға алдымен экологиялық жағынан баға береді. Қандай керемет жоба болса да экологиялық жағынан кінараты болса, қабылданбайды. Экологиялық жағы күмәнді өнімдер нарыққа шығарылмайды. Тіпті маңайлатпайды да. Бұл кәдімгі үлкен бағытқа, тенденцияға айналды дейді ол. Иә, шынында да біз бұған осыдан он жыл бұрын жасыл энергетика бойынша Австрия елінде өткен форум кезінде көз жеткізген едік. Форумнан бөлек бірнеше кәсіпорынды аралап көрдік. Сол кезде Европа елдерінің «жасыл» энергетика бағытына, энергоүнем мен энерготиімділік мәселесіне қаншалық қатты бет бұрғанына көз жеткіздік. Тек қана «жасыл» энергетика! Басқа әңгіме болуы мүмкін емес.

Қалай да табиғи энергия көздерінің пайдасын көру, айнала қоршаған ортаға зиян тигізбеу, шикізат көздеріне тәуелділіктен құтылу. Европа елдері «жасыл» энергетика бойынша ізденістерді бұдан 30 жыл бұрын бастап кетті. Қазір экономика ғана емес, жалпыхалықтық сана түгелдей осыған бұрылған. «Жасыл» сана түбегейлі орныққан. Сонда біздің қаншалықты артта қалып қойғанымызды ұғынған едік. Енді біздегі энергияүнем мен энерготиімділік мәселесіне тоқталайық. ПРООН зерттеуіне сүйенетін болсақ, Қазақстанның өндіріс саласы энергия жұмсау бойынша екінші орында тұр екен. Әрине, оның «кінәсін» біз тек өндіріс саласындағы ескі технологиядан іздеуіміз керек. Кейбір салада өндіріс технологиясының өзгермегеніне 70-80 жыл болыпты.

Қазақстанның энергияны көп «жұтатын» елдер қатарынан орын алуына бір себеп осы. Иә, ол кәсіпорындар қазір энергоүнем технологиясын енгізуге тырысып жатыр. Бірақ, оған көп мөлшерде қаржы жұмсау керек. Өндіріс саласында «жасыл» энергетика қағидаларын енгізу біртіндеп қолға алынып жатыр дейік. Ал, тұрмыстық деңгейдегі жағдай қалай? Табиғи энергия көздерін тұрмыста қолдану деңгейі Қазақстанда әлі де өте төмен. Мысалы, сол Австрияда бір коттедж үйді көрдік. Кіріп таныстық. Сол үйдегі барлық кондырғы, электр қуатын алу мен пайдалану 100 пайыз табиғи энергия көзіне тәуелді. Үйдің өзі тұтасымен күннің қозғалысына қарай икемделіп айналып тұрады. Үйдің алдыңғы жағы мен шатыры күн сәулесінен энергия өндіретін жабындымен қапталған. Ал, Германия мемлекеті 2030 жылға қарай елді 100 пайыз табиғи энергия көздерінің қуатымен жабдықтауды көздеп отыр. Сондай мемлекеттік бағдарлама қабылдаған. Бұл бағдарлама бойынша олар негізінен жел энергиясын игермек.

Иә, рас, Қазақстанда да жел, күн, су энергиясын игеру нысандары құрылып жатыр. Олар әзірше жалпы электр желісін толықтыруға бағыт ұстап отыр. Ал, кіші-гірім қыстақтар мен ауылдарды, шалғайдағы, таудағы, жайлаудағы нысандарды 100 пайыз энергиямен қамту жұмыстары әлі ақсап тұр. Мамандардың пікіріне қарағанда жалпы табиғи энергия көздерінен қуат алу жұмысын жеделдету үшін батыл шаралар жүргізу керек. Заңдылық негіздерін жетілдіруге қажеттілік бар деп есептейді мамандар. Мысалы, экологиялық салықты азайту. Бұл шара өнім өндірушілерді энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге ынталандыратын болса әңгіме басқа. Ол тек айыппұл салу мен жазалау шарасына жеткізетін болса, онда өнім өндірушілердің де жаңа технологияларды енгізуге құлқы болмайды. Оған айыппұл төлеу әлдеқайда жеңіл болып шыға келеді. Яғни, заң жүйесінде осыны да ескеру керек. Сонымен қатар табиғи энергия өндіруге байланысты еліміздің энергошаруашылығын, оның қуат жеткізу мен бөлу жүйесін де жетілдіру керек. Өйткені, табиғи энергия табиғатпен, ауа-райымен тығыз байланысты. Ол өзгеріп тұратын дүние. Яғни, бірде көп, бірде жоқ. Оны басқа қуат көздерімен реттеу механизмдерін жасау керек болады. Яғни, бұл саланың жұмысы ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғалымдардың ізденісіне, олардың тың жобалар ұсынуына, оны қолдау мен қаржыландыруға тікелей тәуелді болмақ. Бір кездері елімізде өнертапқыштар орталықтары бар еді. Онда ашылған тың дүниелерге патент берілетін. Бірақ, олардың көбі елде қолдау таппаған соң шет ел асып кетті. Сөйтіп, инновациялық технологияға айналды. Енді сол инновациялық технологиялар өзімізде жасалып, қолданылуы керек. Бұл да әлі толық шешімін таппаған тұтас мәселелер кешені десек артық айтқандық емес. Бір жаңалық дүниеге келсе, оны инновациялық технологияға айналдыру, қаржыландыру, өндіріске енгізу – өте қиын мәселе. Компания басшыларының оған бас ауыртқысы келмейді. Өйткені, стимул жоқ. Айнала қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзғанды бас салып жазалай бермей, керісінше оларды жаңа технология іздеуге ынталандыратын, міндеттейтін заң және салық талаптары болса, мәселе тезірек шешілер еді. Тоқетерін айтқанда, елімізде табиғи энергия көздерін игеру, энергия үнемі мен оның тиімділігіне жету үшін жасалуға тиіс шаралар әлі көп-ақ. Оған болашақтың ісі деп емес, бүгінгі күннің міндеті деп қарағанда ғана біз ертең жетістікке жете алатынымыз анық.
С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста