Халықтың экомәдениет деңгейі экологиялық білімге байланысты

Халықтың экомәдениет деңгейі экологиялық білімге байланысты

Қазір әлемдегі ең маңызды мәселелердің бірі – экология. Экологтардың айтуынша, бұл халықтың өмір сүруіне ықпал ететін өзекті сала. Осыған орай елімізде экологиялық кодекс қабылданған болатын. Ол жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп әзірленген кешенді құжат. Кодекс халықаралық стандарттарға сай келеді. Ал «Жасыл Қазақстан» – жер, су, ауа, жалпы қоршаған ортаны сақтауға бағытталған  жоба.

Өткен жылы басталған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы еліміздің әр өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Айталық Солтүстік Қазақстанда ұлттық жобаның негізгі бағыттарының бірі атмосфералық ауа сапасын жақсарту мен қоқысты өңдеуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы соңғы екі жылдан бері Солтүстік Қазақстанда орман алқабын кеңейту жобалары  ұйымдастырылуда, яғни жасыл желек егу қарқыны күшті. Сондай-ақ ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін қауіпсіз отынға көшу де бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан қазіргі таңда өңірде «Сарыарқа» газ магистралінің құрылысы жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, Көкшетау өңірінде көптеген демалыс орындарын салу да табиғатқа кері әсерін тигізеді. Осы мәселені шешу үшін халыққа экологиялық білім берілмек.

Ғалым Марат Шылымовтың айтуынша, қазіргі экологиялық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан экологиялық білім беру заман талабы болып отыр. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ әлемдегі барлық ғаламдық экологиялық процестің қатысушысы болып келеді. Экологиялық кодекстің 11-192 бөліміне сәйкес экологиялық білім – тұлғаға интеграциялы, үздіксіз білім беру, тәрбиелеу деп түсіндіріледі. Сондай-ақ өңірде қалдық өңдеу көлемін 4 пайыздан 10-ға дейін ұлғайту қарастырылып отыр.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Ақзан Ширанов та тұрақты даму қоғамын құруға көп көңіл бөлінуі тиіс екенін алға тартады. Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады, өйткені табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары мен саясаты, бірінші кезекте, экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуге тиіс.

Дамыған елдердің тәжірибесі қоғамның экологиялық салада шешуші рөл атқаратынын көрсетті. Қазіргі уақытта бұл саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындайды, онсыз ұлттық жобаның басқа да іс-шаралары азаматтардан қолдау мен түсіністік таба алмайды. Бұл бағытта екі міндет қойылған. Біріншісі-экологиялық аспектілерді білім беру және ағарту жүйесіне кіріктіру. Орта мектептің 6-сынып бағдарламасына "Экология" таңдауы бойынша жаңа курс енгізілді, сондай-ақ экологиялық ағарту орталықтары желісін (экостанциялар, үйірмелер және т.б.) құру жоспарлануда. Екіншісі-эко бағдарлы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Экологиялық білім беру жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, "Birge-taza Qazaqstan"экологиялық акциясын өткізу сияқты іс-шаралар іске асырылатын болады.

Республиканың орнықты дамуын қамтамасыз етудің және оның табиғи ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызды құрамдас бөлігі халықтың барлық топтарының хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады, оған экологиялық білім беру мен тәрбиелеу арқылы қол жеткізіледі, нәтижесінде қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Қоршаған орта жағдайының нашарлауының себептерінің бірі экологиялық білімнің жеткіліксіз деңгейі және халықтың экологиялық мәдениетінің төмен деңгейі болып табылатыны белгілі. Бұл табиғатты пайдаланумен байланысты экономиканың түрлі салаларының мамандарына да қатысты. Сондықтан да біз қалың бұқараны қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа экокультураға баулуымыз керек. Халық арасында энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға жауапкершілікпен әрі үнемді көзқарасты, тұрмыстық қоқысты одан әрі өңдеу үшін оны бөлек жинау әдетін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға байланысты тақырыптарды білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына толыққанды енгізу қажет.

Ресурстарды пайдалану және экологиялық проблемалар мәселелерінде халықтың хабардар болуын арттыру үшін кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізу және білім беру бағдарламаларын енгізу қажет. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ағарту министрлігімен бірлесіп экологиялық білім беруді арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық сағаттар өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізіледі: акциялар, көрмелер, мектеп пен оған іргелес аумақты үздік көгалдандыруға арналған конкурстар, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім. Барлық осы шаралар халықтың мінез-құлық моделін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді.

Бала кезінен бастап әр адам жер, су, ауа туралы байыпты ойланып, оларды сақтауға тырысатын уақыт келді. Табиғатқа зиянымызды тигізбей, қоршаған ортаны аялауға өзіміздің кіші-гірім үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін табиғи ресурстарды пайдалануды сәз азайтсақ болғаны. Мысалы, жеке көліктен қоғамдық көлікке ауысу, тіс тазалағанда су ағып тұрған кранды жабу, үйдегі шамдарды энергия үнемдейтін шамдарға алмастыру, қоқысты сұрыптау, пластик пакеттерді қолданбау...

 Планетаның өкпесі – жасыл желектер. Бір ағаш 2 литр оттегін шығара алады, бұл бір адамға үш күнге жетеді. Бір отырғызылған ағаш 1000 кг парниктік шығарындылардың орнын толтыратыны белгілі. Жайлы өмір сүру үшін  планетаның әр тұрғыны жылына кемінде 14 ағаш отырғызуы керек. Әрбір қазақстандық отбасында еліміздің өркендеуі үшін экологиялық тұрақтылықтың символына айналатын ағаш отырғызу дәстүрі болса, бұл тамаша болар еді.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста