«Жасыл Қазақстан»: таза ауа мен тұнық суға қолымыз жетеді

«Жасыл Қазақстан»: таза ауа мен тұнық суға қолымыз жетеді

Өткен жылдың 1 шлдесінде елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданған болатын. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялағандай, бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат – 2025 жылға қарай сарқынды суды ағызу көлемін азайту, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру және еліміздің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын төмендету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Аталған жоба халықтың қолайлы өмір сүруіне қажетті ортаны құруға және еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Министр Серікқали Брекешов танысырытып өткендей бұл жоба 7 негізгі бөлімнен тұрады: ел аумағында ауа сапасын жақсарту, су нысандарын және экожүйелерді сақтау, қалдықтарды игеру, биоалуантүрлілікті сақтау, қалалар пен далаларды көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білімді жоғарылату және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Қазіргі таңда еліміз бойынша ең ластанған қалалар тізімін бастап тұрған  қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Шымкент Теміртау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Балқаш, Өскемен. Ауасы, суы ластанған, экологиясы нашар қалалардың жағдайын түзеу үшін ұлттық жоба 4 бағытта жұмыс жүргізіп келеді. Бұлар: «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы».

«Таза Қазақстан» бағытының мақсаты – атмосфераның ластануын азайту, қалдықтарды игеру жүйесін жетілдіру, ел эконом икасын жүйелі түрде датыму, бұрыннан ластанған жер-су, аймақтардағы ластануды жою, елдегі су нысандарын сақтап қалу.

Негізінен ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіп орындарының жұмысымен және электростанциялар мен көмірді жағумен байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан алдағы 5 жылда еліміздегі жоғарыда аталған 10 қаласында орналасқан 16 ірі өнеркәсіп орындарының зиянды шығарындыларын 20 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Айталық, «Арселор Миттал Теміртау» шығарындыларды 54 пайызға азайту бойынша міндеттемелер алды.

Көпшілікке мәлім табиғаттың ластануына әкелетін ең үлкен мәселе – қалдықтардың шектен тыс көбеюі, тиісті мөлшерде өңделмеуі. Сондықтан тұрмыстық қатты қалдықты өңдеу үлесін биыл 18%-дан 35%-ға дейін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін қатты қалдықтарды өңдейтін энергетикалық құрыныс нысандарды салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек әртүрлі қалдықтарды бөлек-бөлек жинайтын 8 мыңнан астам контейнер орнату қарастырылуда. Оның ішінде құрамында сынабы бар заттар мен медициналық қалдықтарды салатын контейнерлер мен экобокстар да бар.

Суды үнемсіз, бейберекет қолдану қоршаған ортаның жойылуына әкеп соғады. Мұндай қауіп төнге жағдайда шығыны да шаш етектен болмақ, сондықтан бұл мәселені алдын алудың маңызы зор. Осы орайда еліміздің су нысандарының экожүйесін сақтау тапсырмасы қойылып отыр. Айталық, Сырдария өзенінің арнасын кеңейтіп, Арал теңізінің солтүстігін сақтау мәселесі кезек күттірмейді. Сондай-ақ еліміздегі Бурабай, Шучье, Шалқар,  Қопа көлдерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Балқаш көлі бассейінінде орналасқан өзендердегі су көлемін жылына кемінде 12 куб/км-ға арттыру жоспарлануда.

Суды үнемдеу үшін қоршаған орта мен халықтың суды пайдалануын, экономика салаларына суды пайдалану тепе-теңдігін қалыптастыру қажет. Халықтың тұрмысы қолайлы болу үшін, бірақ табиғатқа зиян келтірмеу үшін суды экологиялық қаіуіпсіз әрі тиімді пайдалану жолдарын қарастыруымыз керек. Осы орайда еліміз бойыншща 401 каналды қайта жөндеп, 2012 каналды цифрландыру, суармалы жер телімдерін 600 мың гектарға ұлғайцту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, қызылорда, Түркісмтан облыстарында 9 жаңа су қоймасы салынбақ. Өткен жылы Түркістан облысында Кенсай, Қосқорған су қоймаларының құрылысы аяқталды.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттік деңгейдегі өзекті мәселе болғандықтан су ресурстарын басқаруға арналған мемлекеттік бағдар­ламаның жо­ба­сы әзірленген еді. Қазіргі таңда осы бағ­дар­­ламаны ұлттық жобаға айналдыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Суға қатысты халықаралық қатынастарды реттеу үшін мем­лекетаралық су қатынастарын жетілдіретін, цифрландыру мен су ресурстарын есепке алуды, мониторингті күшейтетін, су­ды үнемдеуді, иррига­циялық жүйе­лер мен құрылыстарды қалпына кел­тіруді қамтитын бағыттар бойынша жұмыстар қолға алынған. Соынмен қатар құқықтық базаны жа­ңарту, Су ко­дек­сін жаңа редакцияда қайта  әзірлеу және су саласының маман­дарын даярлау жөніндегі жұмыс кү­шей­тілуде.  Осы атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі ауыз су тапшылығын алдын алу, ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны сақтау, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында іске асырылмақ.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста