Табиғат қамқорлыққа мұқтаж

Табиғат қамқорлыққа мұқтаж

Табиғатты қорғау – тәрбиеден. Сондықтан жас ұрпаққа қоршаған ортаны қалай қорғау қажет, неліктен суды үнемдеу керек, қоқысты сұрыптаудың маңызы қандай, осының бәрін  кішкентай жасынан санасына сіңіру заман талабы болып отыр. Осы орайда еліміздің кейбір орта мектептерінде былтырдан бері 6-сыныптан бастап «Экология» пәні оқытыла бастады.

Мектеп жасындағы балаларға табиғатты қорғаудың негізін үйрету – «Жасыл Қазқстан» ұлттық жобасы аясында қолға алынған бастаманың бірі. Мұндай экомектептерде оқушыларға күнделікті тұрмыс жағдайында табиғатқа залал келтірмей, экологияның жақсаруына қалай үлес қосуға болатынын түсіндіріледі. Айталық,  Нұр-Сұлтан қаласындағы №177 гимназия оқушылары қоршаған ортаны қорғауға байланысты түрлі челлендждер ұйымдастырады. Осы білім ордасының 6-сынып оқушылары «Қатты қалдықтардың екінші өмірі» деген челленлдж ұйымдастырып, қатты қалдықтарды сұрыптауды үйренді.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында негізгі бағыттардың бірі қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, сұрыптау мән берілген. Еліміз бойынша жылына 5 млн тонна қатты қалдықтар шығарылады екен, соның бар болғаны 20 пайызы өңделеді. Бұл өте төмен көрсеткіш. Еліміздегі қоқыс полигондарының саны 3 мыңдай ғана. Өкінішке орай, бұл полигондардың 17-18 пайызы ғана экологиялық талаптарға жауап бере алады. 

Республика бойынша былтыр қалдық өңдеу саласына бюджеттен 13 млрд теңге қаржы бөлінген еді. Қазіргі таңда бұл қаржының жартысына жуық игерілген. Мамандардың айтуынша, қалдық өңдеуші кәсіплрындарды қолдау мұнымен шектелмейді. Өйткені әрбір өңделген макулатура мен шыны-пластиктерге де ақша бөлінеді. Бір тонна тұрмыстық қалдық 34 мың теңгені құрайды.

Еліміз бойынша қалдық өңдеу ісін ілгерілету үшін жер-жерде экоқолдау қорлары жұмыс істейді. Қазіргі таңда мыңдаған кәсіпкер осы жүйеге тартылған. Осы шаралардың бәрі халықтың қолайлы ортада өмір сүруі үшін және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жасалып жатыр. Экологиялық мәдениетті арттыру, табиғат ба         йлықтарына мейлінше қамқор болуды әр адам өзінен бастағаны жөн. Ол үшін адам баласының санасына жастайынан табиғатты аялау туралы түсінік қалыптастыру қажет.

Қоқыс жәшігіне жанай лақтырылған қағаз, ормандағы немесе таудағы демалыстан кейінгі қалдырылған консерві, пластик бөтелкелер, көшеде кетіп бара жатып тастай салған сағыз табиғатқа қаншалықты залал келтіретінін ойланып көрдіңіз бе?

Мысалы, қағаз жаңбыр жауған кезде су болады, кейін кебеді, осылай қайталана береді, уақыт өте келе ыдырайды. Бірақ осы жай ғана қағаздың толық ыдырауына кемінде 5 жыл уақыт керек. Ал консерві қалбырын әуелі тат басады, темір жұқарып, сынғыш күйге өтеді, ақырында толық ыдырап тынады. Бірақ оның толық ыдырауына 2 ғасыр керек. Ал ішіндегі суды ішіп, ьастай салынған пластик бөтелке 500 жылдан кейін ыдырайды. Осы уақыт ішінде пластик бөтелке ауаға, суға, топыраққа зиянды заттар бөліп отырады. Елеусіз ғана көрінетін сағыз ыстық күннің астында бір ай, қоңыр-салқын жерде 100 жылдан артық уақыт сақталуы мүмкін. Қоқыстардың арасында ең көп жиналатындар шыны ыдыстар мен бөтелкелер.  Шыны ыдырамайды, лақтырылған жерінде мәңгі жатуы мүмкін. Қоқыс қоршаған ортаны ғана бүлдіріп қоймай, өсімдіктерді құртып, жануарлардың өліміне себепші болады. Адамдар сейіл құрып, деиалған жерге келген аңдар целофан қалталарды, шыныларды жұтып қоюы мүмкін. Мұндай заттарды олардың асқазаны қорыта алмайды, жануар өледі. Әлемдегі миллиардтап саналатын қоқыс қалдықтарды қаншама тірі организмді құртуға қауқарлы екенін елестетіп көріңізші.

Табиғатқа зиян келтірмеу үшін көкке шығып немесе көл жағасында демалғаннан кейін қоқыс-қалдықтарды қапшыққа жиып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тастап кету жеткілікті.

Қазіргі кезде батарейкалар күнделікті тұрмысымызда жиі қолданылады. Батарея құрамында ауыр металдар: цирк, марганец, никель, сынап бар, бұлар өте зиянды. Қоқыс полигонына жеткен батареялар ауа мен су әсерінен ыдырап, ауыр металдар топыраққа, кейін жер асты суына өтеді. Бір батареяның өзі 20 шаршы метр жер мен 400 литр суды ластай алады. Сол уланған су кейін біздің ауызсуымызға қосылмасына кім кепіл? Сондықтан батарейканы лақтырудың қажеті жоқ. Ескі батареяларды жинайтын арнайы орые бар. Сондай орындарда жинақталған батареялар арнайы зауытқа жеткізіледі де, табиғатқа зияны тимейтіндей қорытылады.

Ең қауіпті апаттардың бірі – орман өрті. Қазақстандағы орманды алқап ел аумағының екі-ақ пайызын алып жатыр және қорғауға аса мұқтаж. Өрт – орманның негізгі жауы. Орманды тып-типыл етуге күн көзінде қалған кішкене шыны бөлшегінің өзі-ақ жетіп жатыр. Күн сәулесі күн көзінде қалған шыныны тұтандырғышқа лезде айналдыра алады. Егер оның астында шөп немесе жапырақ болса, өрттен құтылу мүмкін емес, өрт көз ілеспес жылдамдықпен таралады. Өрт жер бетімен сағатына 5 шақырым жылдамдықпен жылжыса, жоғарғы жақпен бір ағаштың басынан келесі ағаштың басына жылжуы сағатына 70 шақырымнан асады. Орманның өсіп қалыптасуына жүздеген жылдар қажет, ал жойылуына санаулы сағат жетіп жатыр.

Электр қуаты мен суды үнемдеу қалтамызға түсетін салмақты азайтып қана қоймай, экология үшін де пайдалы. Адам тісін тазартып жатқан 1,5 минутта су құбыры шүмегінен 8 литрге дейін су ағады. Бұл шамамен біл шелек су. Қазіргі уақытта таза ауызсу мұнай секілді құнды нәрсе. Суды бейберекет шығындау неге әкеп соғуы мүмкін?

Арал теңізінің тарихы – ғасыр апаты. Аралға Сырдария және Әмудария деген екі үлкен өзен құяды. XX ғасырдың соңында адамдар егістік жерлерін ұлғайтып, осы өзендердің суын бұрып ала бастады. Нәтижесінде теңіз тартылып,еліміздегі ірі балық қорын жлоғалтып алдық. Арал теңізі 30 жылда-ақ тартылып кетті. Үйдегі су құбыры шүмегінен ағатын су да теңіздер мен мұхиттарға құятын қандай да бір көл немесе өзеннен алып жатыр, оның ішінде жерасты өзені де бар.

Экологиялық өзекті мәселенің бірі – шөлге айналу. Қазақстанда шөлді аймақтардың артуы көптеген табиғи себептерге: құрғақ климат, еліміздегі біркелкі бөлінбеген су қоймалырының аздығы, сор басқан жерлердің көптігіне байланысты. Мұндай жерлерде ағаштар мен шөптер өспейді. Шөлейтті аймақтың кеңеюіне адамдардың да қатысы бар. Мал жаю, өрт және қоқыс полигондары, ормандарды заңсыз отау, барлығы да шөлді аймақтың артуын жеделдетеді. Сондықтан ағашты кеспес бұрын оның орнына бірдеңе өсе ме деп ойланған жөн.

Бұл әлемді бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін сақтауға тырысқан. Егер қарапайым қағидаларды сақтап, табиғатты аялай білсек, біздің де ұрпақтарымыз да таза, әсем, гүлденген жерде өмір сүреді.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста