110 кг арықтаған әйел ажалдан аман қалды

09 қараша 2018, 22:33

Британия тұрғыны Максин Врен 110 кг арықтап, ажалдан аман қалды.

33 жасында салмағы 176 кг болған келіншекке дәрігерлер көп болса бір-ақ жыл өмірі қалғанын айтқан. Бұдан шошыған келіншек арықтауға бел буып, арықтауға көмектесетін орталыққа барып, алғашқы бір аптада 5 кг тастаған. Біртіндеп ол зиянды тамақтың бәрінен бас тартқан. Осылай үш жыл бойы күрескен келіншек 65,5 кг дейін арықтаған. Осы уақытта отбасын құрып, бақытын тауып үлгерген.

Дереккөз: КорреспонденТ

reactor.inform.kz