Шартарап

13 жастағы жеткіншектен жүкті болған бойжеткен қамауға алынды

  • Фото: HNP Picture Desk

    Фото: HNP Picture Desk

20 жастағы Леа Кордис 2017 жылы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін екі жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

20 жастағы бала күтуші бірнеше ай бойы балаға назар аударудың құпия белгілерін көрсеткен. 2017 жылдың қаңтарында ол мас күйінде жасөспіріммен Xbox ойнап отырып жыныстық қатынасқа түскен. Жүкті болғаннан кейін күтуші өзін зорлады деп айыптауға әрекет жасады. Тіпті, баланың әкесі деп үйдің отағасын көрсетуден тайынған жоқ, деп жазады Mirror Online.

 

Ол 2020 жылдың мамыр айында темір торға тоғытылды.

 

Ал жасөспірім болса, аталған жағдайдан кейін қатты шок алып, қазіргі уақытта психологтың қарауында емделіп жатыр.

 

Төсек қатынасынан соң анасы баланың оғаш қылықтарын байқай бастағанын атап өтті. Оның сөзінше, ұлы көп сөйлемейтін болған. Күтушісі Леаның үйде болғанын ұнатпайтынын ескертіпті.

 

Кейінірек оларға полиция келіп, оқиға туралы, сондай-ақ баланың өмірге келуі туралы айтып берген. Алғашында әйел бәрін жоққа шығара бастады, алайда кейін бәрін түсінді. Тәртіп сақшысы жасөспірімнен жауап алғанда, ол қатты қорыққан.

 

2020 жылы ДНҚ тест жасалып, нәтижесінде жасөспірім шынымен де баланың әкесі болып табылды.

 

Бала тиісті отбасына қайтарылған.

 




Көрілген: 1851    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31