Шартарап

13 жасында тұтқындалған жасөспірім өлім жазасына кесілуі мүмкін

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Саудияда 18 жастағы Мұртажа Курейриске (Murtaja Qureiris) өлім жазасына кесілу қаупі төніп тұр. 2011 жылы күллі араб әлемін шарпыған "Араб көктемі" деп аталатын режимге қарсы наразылық шеруге шыққаны үшін. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты.


Он жасында ол 30-дан аса құрдастарынан тұратын топты басқарып, шеруге қатысқан. Оны 2013 жылы тұтқындады. Бұл кезде жасы 13-ке толған болатын.


Саудиялық билік жасөспірімді лаңкестік әрекетке барды деп айыптап отыр. Мұртажа Курейрис ешкімді өлтірген жоқ, алайда прокурордың айтуынша, оны өлім жазасына кесілуіне бүлік шығарғаны жетіп жатыр. Аталмыш елде бүлік шығару ең ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылады.


Ол бес жыл абақтыда қамауда болды. Жасөспірім өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарумен келеді. Бұдан бөлек, оның әкесі мен бауырының да қолдарына кісен салынып, темір тордың арғы жағына тоғытылған болатын.


Сөз орайы келгенде тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік, тарихта "Араб көктемі" деген атпен қалған, күллі Солтүстік Африка мен Таяу Шығысты шарпыған 2011 жылғы дүрбелеңде Тунисте, Мысырда, Йеменде мемлекеттік төңкеріс орын алып, Либияда және Шам жерінде азаматтық соғысқа ұласқан болатын.


Десе де "араб көктемінің" нәтижесінде Саудия монархы либерал сүнниттердің талабына құлақ асып, саяси ымыраға келген еді.


Бұдан бөлек, 2013 жылдан бастап әйелдерге сайлауға қатысу құқығы берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік шығындар артты.  


islam.kz




Көрілген: 1797    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31