Шартарап

16 жастағы қыз шулап ойнаған інісін пышақтап тастады

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Петропавл-Камчатскийде тұратын отбасылардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. 16 жасар қыз інісінің асқазан мен мойынына бес рет пышақ тығып, оны өлтіріп ала жаздады. Дегенмен бала аман қалды. Жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Отбасында үш бала тәрбиеленіп жатыр. Оқиға 31 мамырда болған. Анасы кіші қызымен бірге Владивостокқа ән мен би байқауына ұшып кеткен, ал әкесі жұмысына кезекшілікке шыққан. Ол әскери бөлімде сүңгуір болып жұмыс істейді. Мектеп оқушысы мен оның 10 жастағы інісі үйде жалғыз қалған.

 

Ұл бала еркелеп, шулай бастаған. Осылайша, әпкесінің ашуына тиген. Содан кейін қыз ас үй пышағын алып, оны інісін өлтіру үшін мойнына сұғады, бірақ бұл әрекеті сәтсіз болады, сосын асқазанынан соққылайды.

 

Жедел жәрдемді қыздың өзі шақырады. Бала көп қан жоғалтып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Дереккөздің мәліметінше, қазіргі таңда жәбірленушінің жағдайы тұрақталды, сауығып келе жатыр.

 

Балалардың анасы болған оқиға туралы біліп, бірден үйіне оралған, бірақ әлі құқық қорғау органдарымен сөйлеспеді. Әкесі оқиғаға ешбір түсініктеме бере алмады.

 

Ал жасөспірім қыздың ата-анасын жақсы көретінін айтады. Сондай-ақ ол жасаған ісіне өкінеді. Қыз кішкентай бауырлары ашуына тиетінін, шабуылды жоспарлағанын мәлімдеген. Ол ата-анасын қызғанған болуы мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша, қыз интернеттен қай жерден соққы беру керек екенін іздеген болып шықты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, оған психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

 

 

 

 




Көрілген: 967    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31