Шартарап

25 млн-нан астам тұрғын адам саудасының құрбанына айналған

  • https://qarmaqshy-tany.kz/

    https://qarmaqshy-tany.kz/

Адам саудасына алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын қанау арқылы адамды сатып алу, сату немесе қанау кіреді. Бұл Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерді қамтитын дүниежүзілік мәселе.

 

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Адам саудасы туралы есебіне сәйкес, бүкіл әлемде 25 миллионнан астам адам саудасының құрбандары бар. Адам саудагерлері Интернетті жиі пайдаланады, бұл әсіресе COVID-19-ға байланысты сапарларға шектеулер кезінде асқынды. Көптеген мигранттар карантин кезінде жұмысы мен табысынан айрылды, бұл оларды адам саудагерлерініңе алдамшы және арам ұсыныстара осал етеді.

 

Осы маңызды мәселе туралы хабардарлықты арттыру және мигранттарды адам саудасына тартудың алдын алу үшін «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы» әлеуметтік желілердегі ықпалды тұлғалармен бірігіп бейне ролик жасау арқылы ақпараттық кампанияны өткізеді. Бейнеролик мәжбүрлі еңбек мәселесі турады және адам саудасын тану белгілері туралы баяндайды, сондай-ақ адам саудасы туралы қалай хабарлауға болатынын және көмек алу жолдары туралы нұсқау береді.

 

USAID қаржыландыратын «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы Орталық Азияның бес елінде Winrock International іске асырылуда. Бұл адам саудасын болдырмау, аман қалған құрбандарды қорғау және қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу мақсатында үкіметтердің, ҮЕҰ мен жеке сектордың өзара есеп берушілігін және тиімділігін күшейту үшін нақты деректерге негізделген әдістер мен трансшекаралық байланыстар қолданылатын бес жылдық жоба. Жоба көші-қон практикасын жақсарту және пайдалануды болдырмау мақсатында жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат USAID Орталық Азиядағы веб-сайтында қолжетімді: usaid.gov/central-asia-regional

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 03:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31