Шартарап

COVID-19. Иран билігі ел ішінде жүруге шектеу қояды

  • COVID-19. Иран билігі ел ішінде жүруге шектеу қояды

    COVID-19. Иран билігі ел ішінде жүруге шектеу қояды

Иранда 18 қарашадан бастап COVID-19-дың тест нәтижесі болмай, ел бойынша кез келген жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды. 

Бұл туралы сенбіде, 14 қарашада ISNA агенттігі елдің денсаулық сақтау вице-министрі Алиреза Раисидің бұйрығына сілтеме жасап хабарлады. 

18 қарашадан бастап коронавирустық тест нәтижелері жоқ жолаушыларды әуе, құрлық немесе теңіз көлігімен тасымалдауға тыйым салынады, - делінген бұйрық мәтінінде.
Мұндай шешім Иранның коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық штабының кезекті отырысының қорытындысы бойынша қабылданған.

Иран билігі пандемияның соңына дейін арнайы шектеулер жүйесін сақтауды жоспарлап отыр.

Шенеуніктердің айтуынша, шектеулер белгілі бір аймаққа  науқастардың ауру  деңгейіне сәйкес анықталады. Иранда барлығы үш деңгей бар: қызыл, қызғылт сары және сары. Соңғы кезде Иранда коронавирус инфекциясын жұқтарғандар саны өскен.

14 қарашадағы жағдай бойынша, жұқтырған адамдардың жалпы саны 749 525-ке жетті, 552 747 адам сауығып кетті, ал қайтыс болғандар саны 41 034.

Сонымен бірге, Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі  Киянуш Джаханпур Иранда жасалған вакциналарды сынақтан өткізу басталғанын хабарлады.

Кем дегенде екі ирандық коронавирустық вакцинаны сынау басталады, - деп жазды ол Twitter-де.
 

BAQ.KZ




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.11.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31