Шартарап

COVID-19: Италия шетелдік дәрігерлерден көмек сұрады

  • COVID-19: Италия шетелдік дәрігерлерден көмек сұрады

    COVID-19: Италия шетелдік дәрігерлерден көмек сұрады

Италияда коронавирус жұқтырған аурулар саны күрт өскендіктен медициналық персоналдың жетіспеушілігі артуда. Осыған байланысты бұл мемлекет шетелдік медиктерден көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Италияның денсаулық сақтау органдары пандемияның екінші толқынын жеңу үшін ӨЖЖ аппараттарының жеткілікте екендігін мәлім етті, дегенмен олармен жұмыс жасайтын медиктер саны тапшы болып отыр.

Айта кетсек, бұл елдің өңірлері денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы жеке шешім қабылдай алады. Пьемонт және Ломбардия сияқты солтүстік аудандарында жергілікті билік бүкіл әлемге дәрігерлер жіберу туралы өтініш жасады.

«Біз өкпені жасанды желдету аппараттарымен жұмыс істей білетін 2000 дәрігерге зәруміз», - деп мәлімдеді Италия дәрігерлері кәсіподағының көшбасшысы Карло Палермо.

Италия үкіметі қарқынды терапия бөлімшелеріндегі төсек-орын санын қазіргі күнгі 200-ден шамамен 11 мыңға арттыруды жоспарлап отыр.




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 08:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31