Шартарап

Tуристер тастап кеткен қоқыс үйлеріне жіберілетін болды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Таиландтың қоршаған ортаны қорғау министрі Варавут Силпа-арча Бангкок қаласы маңындағы танымал Кхао Яй ұлттық бағында туристер қоқыс жәшігіне тастамай шашып кеткен қоқысты тұрғылықты жеріне салып жіберетінін ескертіп, мәлімдеме жасады.

 

Осылайша аталған ел билігі жауапсыз туристерді жазаламақ.

 

Бұдан былай аталмыш баққа келушілер анкета толтырып, үйінің мекен жайын көрсетуі тиіс. Оларды бақ аумағында қауіпсіздік қызметкерлері бақылау камераларымен қадағалап отырады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Министр Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында картон пакетке жиналған әрі оны тастаған адамның мекен жайына жөнелтуге дайын қоқыстың фотосын жүктепті.

 

Сондай-ақ, ол ұлттық бақта қоқыс тастаудың жауапкершілігі зор екенін мәлімдеген: бес жылға дейін бас бостандығынан айырудан бастап, аса ірі мөлшерде айыппұл салынады.

 

Осы орайда біз сөз етіп отырған Кхао Яй ұлттық бағы Таиланд астанасы – Бангкок қаласының солтүстік-шығысына қарай орналасқан. Туристер арасында кеңінен танымал бақтың аумағы үлкен - екі мың шаршы шақырымнан асады. Аталған бақтағы қоқыс жануарларға қауіпті. Оны азық еткен жануарлар өліп кетуі де мүмкін.

 

islam.kz

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 15:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31