Шартарап

Адамзаттың 97%-ы шалдыққан көз ауруының емі табылды

  • Фото: iStock

    Фото: iStock

Шанхай ғалымдары кератитті (көздің қасаң қабығының қабынуы турасында сөз болып отыр бұл арада. Көздің қасаң қабығы туралы ақпаратты төменде берілген Уикипедия анықтамасынан біле аласыздар &ndash ред.) емдеудің тың тәсілін тапты. Аталмыш тәсіл генді редакциялауға негізделген.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Shanghai Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Кератит бірінші типтегі герпес вирусының (аталған вирус туралы деректі төменде берілген Уикипедия анықтамадан біле аласыздар &ndash ред.) жұғуынан пайда болуы мүмкін.

 

Көздің қасаң қабығына герпес вирусының жұғуы салдарынан герпетикалық кератит пайда болып, бұл дертке шалдыққан науқастардың 85%-ы зағып болып қалып жатады.

 

Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Хонг Цзясюдің айтуынша, осы дерттің себебінен соқыр болып қалатын қытайлық науқастардың қарасы түрлі себептер бойынша зағип болғандардың жартысын құрап отыр.  Яғни, көру қабілетінен айырылған қытай азаматтарының жартысы аталған аурудан «жер таянып» қалған. 

 

Хонг Цзясюдің сөзіне қарағанда, осы заманғы дәрі-дәрмек тек симптомдарын ғана жоя алады, алайда, ауруды түбірімен емдеп жаза алмайды. Ал вирус терең дендеп еніп, жүйке жүйесіне дейін өтіп кетеді. Тіпті, көздің қасаң қабығын донорлық нұсқасымен ауыстырған күннің өзінде аталған дертті толық жою мүмкін болмай қалатын кездер аз емес. Жалғыз жолы &ndash вирус генін дегредацияға ұшырату.

 

Ал оны генді редакциялау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл бағытта тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі сәтті шыққан.

 

Герпес вирусы әлемде кеңінен тараған індет, дәлірегі, адамзаттың шамамен 97%*-ы аталған вирусты жұқтырған. Бүгінде оған қарсы екпе немесе тиімді емдеуге көмектесетін дәрі-дәрмек жоқ.

 

Уикипедия электронды энциклопедиядан: Қасаң қабық, кейде мөлдір қабық (cornea, лат. cornu &mdash мүйіз) &mdash көздің сыртқы фиброзды қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол сырттан ішке қарай бес қабаттан тұрады: алдыңғы көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий, алдыңғы шекаралық жарғақ, өзіндік зат, артқы шекаралық жарғақ және артқы бірқабатты жалпақ эпителий. Алдыңғы және артқы шекаралық жарғақтар коллаген талшықтарынан құралған. Ортаңғы ең қалың өзіндік затты коллаген талшықтарының будалары мен олардың аралықтарындағы фиброциттер қатарларынан тұратын тығыз дәнекер ұлпасынан құралған.

 

Уикипедия &mdash ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

Герпесті вирус

 

Jump to navigationJump to search

 

Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру.

 

Қазіргі күнде анықталған герпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Энштейн Барр вирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция).

 

Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады.

 

Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: &alpha, &beta, &gamma (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae). Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (&alpha) &ndashHSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);

 

ІІІ типы-VZV (zoster)-желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.

 

ІV типы-Энштейн-Барр вирусы (EBV) (&gamma)-инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.

 

V типы-цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.

 

VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: генерализденген түрлері, энцефалиттер, пневмониялар, лимфаденопатия.

 

VII типы- созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.

 

VIIІ типы (&gamma-типы) &ndash 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) саркома Капоши, біріншілік лимфомалар, Kастлеманн ауруы

 

Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті. Инфекция рецидивтермен араласып латентты түрінде өтеді.

 

 

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 10:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31