Шартарап

Ажалды тік тұрып қарсы алған оркестр

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Бір адамның өлімі – қасірет, миллионның өлімі – статистика деген ауыр сөздің біз кейде салмағын шын сезінбей ерсілі-қарсылы қолдана беретіндей көрінеміз. Тарих беттерін ақтарсақ жанымды алдымен өкінішке қарай, қисапсыз қырылған жазықсыз адамдардың қасіреттері мазалар еді.

 

Адам трагедиясы ұлтқа не нәсілге бөлінбесе керек. Егер Германиядағы бір еврейдің тісі ауырса, Америкадағы бүкіл еврейдің басы ауырады деген сөздің астары әлдеқайда терең деп ойлаймыз. Бұл сөздің нақылын нәсіл айналасында шектеп қарауға келмес. Айталық Африкада аштықтан қырылған бейкүнә сәбилердің опаты біздің де қабырғамызды қайыстыруы керек.

 

Иә, бұл ойға біз осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын бүкіл әлемнің жанын түршіктірген «Титаник» трагедиясына ой жүгіртіп отырып келдік. Алып мұзтаумен бетпе-бет соғылған лайнер айналасы екі жарым сағаттың ішінде тұңғиық түбін құшқан қасіретті күн – шынымен адамзат тарихындағы қаралы даталардың бірі еді. Жеті қараңғы түнде 2224 адам, 2224 тағдыр Атлант мұхитының мұздай суық ағысында ажалмен арпалысып, оның 1513-і өкінішке қарай келеңсіз оқиғадан көз жұмады.

 

Айтпағымыз қаншама жанның тосын апаттан тұңғиық түбіне шырқырай батқаны дегенімізбен, біз сол қайғылы оқиға орын алған жердегі адам жанын осып өтетін тағы бір сұмдық көріністі айналып өте алмайтындаймыз. Әрине, «Титаникпен» бірге бәріміз мұзтауға соғылмаған шығармыз, бірақ сол түні мұздай суық қара мұхитты қармана сабалап, ұлардай шулап жатқан мыңдаған адамның дауыстары әлі құлағы­мызда жаңғырып тұрғандай. Оны сол оқиғаны көзімен көрген тірі куәгерлер де айтады. Ева Харт есімді куәгер сол кезде «Титаникте» болған сегіз жасар жолаушы екен. «Титаник батып бара жатқандағы ең қорқынышты сәт – ол адамдардың ащы дауыстары еді», дейді ол. Еваның өзі, анасы, әпкесі тірі қалғанымен әкелері кішкене қайықтарға сыймай су түбіне кеткен мың­даған адамның ішінде көз жұмыпты.

 

Біздіңше сол қасіретті дауыстармен аралас, батып бара жатқан лайнер палубасынан шыққан мұңды музыка да адам жанын шырқыратып жіберген болар. Ол қандай музыка дерсіз?..

 

Иә, қай уақытта болсын адамдар апатпен бетпе-бет келгенде алды­мен ер адам­дар әйелдер мен балаларды құт­қарады. Ева Харттың әкесі де сол қаһармандықпен көз жұмған. Бірақ сондай ерліктердің де ер­лігі ол – «Титаник» тұңғиыққа кеткенге дейін скрипкалары мен виолончельдерін қол­дарынан түсір­ме­ген музыканттар дер едік.

 

Жалпы ондай өлім мен өмір арпалысы алдында адам баласы шыбын жаны үшін бәріне дайын болатыны рас. «Ти­таник» туралы естеліктерге көз жү­гір­тіп отырып небір оқиғаға куә боласыз. Тосыннан келген қырғын кезінде аяр­лық та, адамгершілік те, сатқындық та, мейірімділік те, махаббат та, сауда да, тонау да, пара да орын алатын көрінеді. Кейбір ақсүйек тұқым өздерінің асқақ бол­мыстарын аласартпай, өлімді тік тұрып қарсы алса, кейбір бай-манап кедей-кеп­шікті қағып-соғып аз қайыққа алдымен өздері отырысып алған. Оның тура ақи­қатына қазір ешкім куәлік ете алмас. Деген­мен адам табиғатының ажалмен арпалыста небір ойға келмес әрекеттерге баратыны бізді әркез алаңдатпай қоймайды.

 

Біз сол түні қайғылы оқиғаны шын өнерпаздардың қалай қарсы алғаны туралы, соңғы сәттерде олар қандай әуенді қайғымен араластырып қайырғанын айт­қымыз келеді. Өлім алдына өнердің әз басын игісі келмеген оркестр өмірлерінің соңғы сәттерінде де аспаптарын қолдарынан тас­тамай, естері шығып, бойларын үрей билеген жұрттың көңілін ұлы музыкалармен аулағылары келген.

 

Оркестр жетекшісі 33 жастағы Уоллас Хартли өзінің жеті әріптесімен бірге джен­тельмендік жасап, тіпті құтқарушылар қол­дарына ұстатқан қорғаныш киімдерін де кимей, ысырып қоя салған деседі. Олар «Титаник» батып бара жатқан қасіретті минуттарда да көбіне шіркеуде ойналатын мұңды да ауыр әуен – «Құдай, мен саған сапар шектім» туындысын орындап тұрған екен.

 

Қай мағынасынан алып қарасаң да олар­дың бұл әрекеттері шын өнерге деген адалдық, Құдай алдындағы соңғы сөз­дерін осы қайғылы музыкамен айтып кет­кендей көрінеді.

 

Біз көбіне сазгерлер мен ақындардың жаны нәзік келеді деген тіркесті көп қол­да­намыз. Алайда нағыз ержүрек қаһар­ман жандар өнердің осы өкілдері десек қателеспеген болар едік. Оған және өзіміздің қазақ тарихын­да­ғы Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жырау­лар­дың жорық жырларынан да кесек-кесек мысалдар келтіруге болады. «Титаник» трагедия­сында соңғы сәттерге дейін зарлы әуенді ажалдың алдында қаймықпай сарнатқан әлгі сегіз музыканттың жаны шынымен ержүрек, батыр еді. Біз ол жерде оларды музыкант я батыр деп бөлуіміз қате. Батырлық дегеніміз шын мәнінде – жан күйі. Ол мейлі найза ұстап жау қолында өлсін, я болмаса арналы аспабын ұстап халықтың рухын жанысын, екеуі айналып келгенде бір ғана парыз.

 

«Титаник» қасіретінде орындалған соң­ғы әуен көбіне шіркеулерде адам қайт­­қан­да ойналатындығы айтылады. Біз­діңше бұл әуеннің мәні тура «Титаник» кон­тексінде көбіне діни астардан гөрі жалпы адамзаттық гуманизм тұрғысынан тере­ңірек көрінеді.

 

Ержүрек сегіз музыкант туралы «Тита­ник» апатын көзбен көрген, кейін жантүр­шігерлік оқиға жайлы кітап жазған Арчи­бальд Грейси көп естелік жазған екен.

 

Оркестр жетекшісі Хартлидің мүрдесін кейін тауып алғандар оның кеудесіне құ­шақтап қысып алған скрипкасы болғанын айтыпты. Қандай аянышты сурет еді... Қасіретке толы бұл көріністен біз жалғыз «Ти­таник» тұңғиыққа батып бара жатқан­да ойналған күйді ғана кешпейміз, біз жал­пы өнер атаулыны қорғап, түгел адамзат­тың жанын емдеп келе жатқан барлық өнер­паздың трагедиясын өн бойымыздан өткіз­гендей халді де қоса кешер едік. ВВС тілшісі Данкан Кеннеди «Титаник» ажал аузына жұты­лып бара жатқанда сегіз музыканттың біреуі ойнаған скрипканың кейін аукционға қо­йылып 1,5 миллион долларға сатылға­нын жазыпты.

 

Бізді толғандырғаны оның қаншаға я болмаса қашан саудаланғаны емес, ажалмен бетпе-бет келген шын таланттың қо­лында қашанда өнер тудырушы қасиетті аспабы болатындығы еді.

 

 

 

egemen.kz




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 23:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31