Шартарап

АҚШ TikTok және WeChat желілерін бұғаттады

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

АҚШ сауда министрлігі Қытайдың американдық азаматтары туралы ақпарат жинауына қарсы күрес шарасында TikTok және WeChat қосымшаларын жүктеу мүмкіндігін бұғаттады. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

 

АҚШ сауда министрлігі АҚШ аумағында TikTok және WeChat қосымшаларын App Store және Google Play арқылы жүктеуге тиым салды.

 

Бұл тиым Қытай тарапынан американдық азаматтардың жеке деректерін жинауымен байланысты деп түсіндірілуде.

 

Сондай-ақ, ел президенті Дональд Трамп бұл шешімнің күшін жоя алады. Егер де компания АҚШ жерінде өз жұмысын жалғастырғысы келсе, американдық серіктестермен келісім шартқа отыруы керек.

 

TikTok қосымшасы әртүрлі эффектілерді пайдалана отырып, бейнелерді жылдам режимде түсіруге және орнатуға мүмкіндік береді. Қысқа уақыт ішінде TikTok бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да танымал болды.

 

АҚШ пен Қытай арасындағы келіспеушілікке байланысты Дональд Трамп 2-ші тамыздан бастап бұл қосымшаны АҚШ-та қолдануға тиым салатынын айтты. Көптеген американдық саясаткерлер алаңдаушылық білдіріп, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

 

Қазақстан билігі аталған екі желіні бұғаттауды жоспарламады. Себебі бұл біздің мемлекеттік қауіпсіздігімізге нұқсан келтірмейді. Айта кетейік, TikTok желісінің қолданушылары Қазақстанда күн санап артып келеді.

 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 01:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31